«КӨРКЕМ СӨЙЛЕУ ШЕБЕРІ» - ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНДЕ

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолдаудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылғы 27 наурызда Шымкент қалалық Тілдерді оқыту орталығы «Тілдарын - 2018» қалалық байқауын өткізді.

Байқаудың басты мақсаты үш тілді  - қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жас

тарды анықтау және қолдау, тілдік қарым – қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу болды. 18-22 жас аралығындығы жастар қатысқан бұл байқау төрт кезеңнен тұрды:

  1. «Тұсаукесер». Қатысушы өзін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде таныстырады. (презентация жасау, тапсырмаға 3 минут берілді);
  2. Тыңдалым (Экранда көрсетілген видеокөріністі ағылшын тілінде әңгімелеу, тапсырмаға 5 минут берілді);
  3. Орыс тілінде көркемсөз немесе өлеңді жатқа оқу (тапсырмаға 5 минут берілді);
  4. Мәтінге аударма жасау (берілген мәтінді қазақ тіліне сауатты аудару, мазмұнын дұрыс жеткізе білу,тапсырмаға 5 минут берілді).

   Осы ережелерге сәйкес, М.Әуезов атындағы ОҚМУ Тілдерді дамыту бөлімінің атынан қатысқан ағылшын тілінің оқытушысы Тұрсынбек Нұрила Маханбетқызы «Көркем сөйлеу шебері» номинациясын жеңіп алып, бағалы сыйлықтармен және алғысхатпен марапатталды.

Осы орайда, Тілдерді дамыту бөлімінің ағылшын тілі оқытушысы Тұрсынбек Нұрила Маханбетқызын құттықтап, еңбек жолында толағай табыстар тілейміз!


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.