Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро Кавабата М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ға іс-сапары

2018 жылдың 9-шы сәуір күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне қызметтік іс-сапармен Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро Кавабата мен  Жапония Елшілігінің бірінші хатшысы Хидэаки Ямадзуми келді.

Іс-сапардың мақсаты университет басшылығымен кездесу және студенттер мен оқытушыларға  ақпараттық дәріс өту болып табылады. Іс-сапар барысында делегация стратегиялық даму жөніндегі проректордың қызметін орындаушы Ж.Т.Айменовпен кездесті және ОҚМУ-дың Жапонияның жоо-мен ынтымақтастық орнату  мүмкіндіктері мен келешегін  талқылады.  Сондай-ақ, Посол мырза «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультеті мен «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің студенттері және оқытушыларымен кездесті және экономика, мәдениет және білм саласындағы Қазақстан мен Жапонияның қазіргі қарым-қатынастары туралы презентация өткізді. Қавабата мырза Қазақстан мен Жапонияның дипломатиялық қатынастарының негізгі құрылу этаптарын атап өтті және студенттерді Жапонияның білім,ғылым және техника министрлігінің білім беру бағдарламаларына қатысуға шақырды.

Кездесуді қорытындылай келе стратегиялық даму жөніндегі проректордың қызметін орындаушы Ж.Т.Айменов құрметті қонақ  Итиро Кавабата мырзаға іс-сапарға келгені үшін алғысын айтты және білім және ғылым саласында ары қарай жемісті ынтымақтасу отнатуға ниетін білдірді.

Халықаралық байланыстар орталығы

М.Әуезов атындағы ОҚМУ


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.