Мүшайрада топ жарды

Жуырда облыстық Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында Алаш арысы, дауылпаз ақын М.Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «Айды алқа ғып берейін...» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті. Осынау байқауға біздің М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және ЖОО-ға дейінгі дайындық фаультетінің тыңдаушылары – жас ақындар Метербай Бақашар, Бауыржан Қайсар, Базарбек Нұржанат та қатысқан болатын.

Байқау қорытындысында белгілі ақын А.Қалшабек бастаған әділ-қазылар алқасы факультетіміздің жас дарыны Б.Метербайдың «Алашқа хат немесе кеше және бүгін» , «Қарлығаш Қаратаудан дарыған» атты жырларын бас жүлдеге лайық деп тауып, тыңдаушымыз арнайы дипломды иеленді.

Сондай-ақ  «Арыс үні», «Той салты» өлеңдерімен көпшіліктің көңілінен шыққан Қайсар Бауыржан 3-орыннан көрінсе, Нұржанат Базарбек Алғыс хатпен марапатталды. Біз де өлең өлесіне алғашқы қадамдарын сәтті жасап отырған жас ақындарымызға алар асуларың, шығар биіктерің көп болсын демекпіз.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.