Жаңалықтар
ОҚМУ ректоры Дария Пернешқызы университеттің белсенді жастарымен кездесті
- Қаралды: 365
31мамыр күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры Дария Пернешқызы жастар орталығының ұсынысымен «Алматау» демалыс орнында университеттің белсенді жастарымен кездесті. Кездесу ашық, еркін форматта өтті. Белсенді студенттер ректорға өздерінің атқарып жүрген жұмыстарын таныстырды, болашақ жоспарларымен бөлісіп, көкейлерінде жүрген ұсыныстарын айтты. Кездесуге қатысқан Дария Пернешқызы әрқайсысын мұқият тыңдап, сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын жазып алды.
Қойылған сұрақтардың ішінде мысалы, ІТ технология жөнінде, оның оқу процестерінде қолданылуы, оқу орнында қандай өзгерістер болуы мүмкіндігі, ректордың алға қойған мақсаттары туралы болды. Сондай-ақ, жастарды аға буын мен қазіргі жастар арасындағы сабақтастық қызықтырды. Сондай сұрақтардың бірі, ректордың студенттік кезі мен қазіргі студенттердің арасындағы айырмашылық туралы. Бұл сұраққа ректор кеңінен тоқталып, өте әсерлі естелігімен бөлісті.
Кездесуден кейін ауыз ашар болды. Алау жағылып, студенттер өз өнерлерін көрсетті. Жалпы бұл кездесу оқу орнының белсенді жастар үшін ең есте қаларлық кездесу болды. Басшымен емін-еркін әңгімелескен жастар бұл басқосудан өздеріне рухани жігер алды.