«Заманауи оқыту технологиялары»

Оқу процесінің үздіксіздігі мен білім беру формаларының озық технологияларын  қамтуға бағытталған университет оқытушы-профессорлық құрамының біліктілігін арттыру курстары маусым айында да жалғасын тапты.

 Маусым айының 4-і мен 22-і аралығында Ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімі  ұйымдастырған жоспарлы «Заманауи оқыту технологиялары»  тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы  өз жұмысын бастады.

Курстың жұмыс оқу бағдарламасы 72 сағатқа арналып, тыңдаушылар контингенті топтар бойынша жасақталған: І топтағы оқу мерзімі 04.06-15.06.2018ж.;  ІІ топтың оқу мерзімі 11.06-22.06.2018ж. аралығын қамтиды.

Курстың тақырыптар аясы:

  • Заманауи білім беру жүйесі.
  • ЖОО интерактивті оқыту әдістемесінің техникасын пайдалану.
  • Заманауи технологияларды пайдалану негізінде семинар сабақтарын ұйымдастыру.
  • Әртүрлі технологияларды пайдалану негізінде семинар сабақтарын ұйымдастыру.
  • ЖОО оқу үдерісінде «Оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» технологиясының бірқатар әдістерін пайдалану.
  • ЖОО оқытушысының ғылыми-әдістемелік жұмыстары.
  • Жаппай ашық онлайн курстарды даярлау үшін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.
  • Инклюзивті білім беруде оқытудың заманауи технологияларын пайдалану.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.