Жаңалықтар
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың білім мен ғылым интернациоландыру мәселелері бойынша семинарға қатысуы
- Қаралды: 432
2018 жылдың 28-ші маусым күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті мен Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығымен бірлесе отырып, жоғары оқу орындарының халықаралық бөлімдері қызметкерлеріне арналған интернационалдандыру мәселелері бойынша практикалық семинар өткізілді. Іс-шара мақсаты – Қазақстандық университеттерде интернационализациялау деңгейін арттыру, ҚР жоғары оқу орындарында интернационалдандыру деңгейін өлшеу үшін құрал әзірлеу болып табылады. Семинарға директорлар, бөлім басшылары, ҚР жоғары оқу орындарының халықаралық бөлімдерінің мамандары, шетелден шақырылған топ-менеджерлер, British Council компания өкілдері арнайы қатысты. Семинар үш тілде – орыс, қазақ және ағылшын тілінде өткізілді. Семинар бағдарламасы бойынша академиялық ұтқырлық, жоғары оқу орындарының топ-менеджментіне шетелдік сарапшыларды тарту және шетелдік ғалымдарды дәріс оқуға және ғылыми консультациялар өткізуге шақыру сияқты мәселелерді талқылауды талап ететін үш бөлікке бөлінген мәселелер бөлімдерінен құралды. Мұнымен қоса, British Council өкілдері Әл-Фараби ҚазҰУ және М.Әуезов атындығы ОҚМУ қызметкерлерімен бірлесіп Қазақстандық жоғары оқу орындарын интернационалдандыру бойынша нәтижелі табысты тәжірибе енгізу бойынша талқылаулар жүргізілді және М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның Халықаралық байланыстар орталығының басшысы А.Т.Турымшаева "М.Әуезов атындағы ОҚМУ үлгісіндегі интернационализациялаудың озық тәжірибесі" тақырыбында баяндама жасады.
Баяндамада білім беру және зерттеу бойынша интернационализациялау туралы мысалдар мен кедергілерді іске асыру, сондай-ақ қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, алдағы уақытта университеттерде интернационалдандыру стратегиясын енгізу туралы ұсыныстар жасалды..... Сондай-ақ Турымшаева А.Т. өз баяндамасында “ Еліміздің жоғарғы білім беру саласындағы жаңа басымдықтарды ескере отырып, Қазақстандағы жоғары оқу орындарын үлкен өзгерістер күтетіндігін және де мұндай мәселелерге жауап ретінде, инновациялық шешімдерді құру және әлемдік еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес мүмкіндіктерді ұсыну үшін қайта бағдарлау қажеттілігін айтып өтті.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың басында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-і Қазақстанда Британ Кеңесі өткізген "Қазақстандық университеттерді интернационалдандыру стратегиясына баға беру" атты жобасына қатысты. Жобаға Қазақстанның 6 аймағының ЖОО-ы қатысты, жоба аясында ақпараттық кездесу, білім беру және зерттеулер шеңберінде интернационализациялау бойынша жобаның кеңесшілері университеттердің стратегиясымен танысты. Жобаның нәтижелері бойынша интернационалдандыру стратегиясын өзін-өзі бағалау құралы әзірленді, ол университеттерге интернационализация саласындағы қолданыстағы стратегиялардың күшті және әлсіз тұстарын, кедергілерін және мүмкіндігін анықтауға және бағалауға мүмкіндік береді.