Сүлейменов Ұланбатыр Сейтқазыұлы

 

Сүлейменов Ұланбатыр Сейтқазыұлы

Техника ғылымдарының докторы

Ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректор

Сүлейменов Ұланбатыр Сейтқазыұлы Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы.  Қазақ химия-технология институтының «Ауыл шаруашылық құрылысы» мамандығын бітірген. В. Куйбышев атындағы МИҚИ жанындағы (Мәскеу) аспирантураны аяқтады.

05.23.01- Құрылыс конструкциялары,  ғимараттар мен құрылыстар мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 1992 жылдан аға оқытушы, инженерлік-құрылыс факультеті деканының орынбасары, кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы қызметтерін атқарды. 1995 жылдан 1997 жылға дейін аспирантура және докторантура бөлімінің меңгерушісі, Кеңестің ғылыми хатшысы, ректордың көмекшісі қызметтерін атқарды. 1999 жылдан ОҚМУ-інде аға оқытушы, ҚҰжҚКТ кафедрасы доцентінің м.а. болып қызмет жасады. 2003 және 2006 жылдар аралғында докторантурада оқып, 01.02.04 – Динамика, машиналар, приборлар мен аппаратуралар беріктігі мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғады. 2006 жылдан институт директорының орынбасары, «Сәулет» кафедрасының доценті және профессоры қызметтерін атқарды.

Ұ.С. Сүлейменовтің 400 астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектері жарияланды. Ұ.С. Сүлейменовтің басшылығымен 2 докторлық, 7 кандидаттық және 6 магистрлік диссертация қорғалды.

Сүлейменов Ұ.С. ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ОҚО және Шымкент қаласы әкімдігінің дипломдары мен мадақтау қағаздарымен марапатталды. «ЖОО-ның 2012 жылғы ең үздік оқытушысы» атағының иегері.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.