Оқу-әдістемелік бірлестігі

Туребекова Г.З., т.ғ.к,, профессор, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты,

Лотарингия университеті, Франция, ҚР ЖОО-ң «Үздік оқытушы-2013», Лейбниц (Германия),

Пифагор (Франция) медальдарымен,

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған, 170-тен астам ғылыми-әдістемелік жұмыстары,

12 оқулық пен оқу құралдары, 10 патенті бар.

        Оқу-әдістемелік бірлестігі (бұдан әрі - ОӘБ) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және оқу-әдістемелік бірлестіктердің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесін құру және олардың қызметі туралы ережелерді бекіту туралы» 2018 ж. № 562 бұйрығы негізінде жұмыс істейді. М.Әуезов атындағы ОҚУ жанындағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі Республикалық құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Оқу-әдістемелік бірлестіктің (ОӘБ) қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында ҚР БҒМ Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің (РОӘК) өкімі (№ 14-14/4171 жылғы 30.09.2019 ж.) негізінде Оқу-әдістемелік бірлестіктің қызметін Жобаны басқару тобының форматына трансформациялау жүргізілді, оған сәйкес оқу-әдістемелік бірлестіктің-жобаларды басқару тобының (ОӘБ-ЖБТ) қызметі ҚР БҒМ РОӘК жол картасы бойынша жүзеге асырылады. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ОӘБ – ЖБТ төрағасы - ОҚУ ректоры Қожамжарова Д.П., әкімші - Туребекова Г.З. болып табылатын ОӘБ - ЖБТ Жобалық кеңсесі. Оқу-әдістемелік бірлестіктің-жобаларды басқару тобының қызметі білім беру бағдарламаларының келесі топтары бойынша жүзеге асырылады: - Химиялық инженерия және процестер: "Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы", " Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы", "Органикалық заттардың химиялық технологиясы" және "Мұнай химиясы" - бағдарламалар мен жобалардың менеджерлері: Анарбаев А.А., Сейтмагзимова Г.И., Джанмулдаева Ж.К., Сакибаева С.А., Туребекова Г.З., Пусурманова Г.Ж., Есимов Б.О., Адырбаева Т.А., Дубинина Е.С.; - Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау: "Кәсіптік оқыту" және "Бастапқы әскери дайындық"- бағдарламалар мен жобалардың менеджерлері: Камалов Ю.Н., Жолдасбекова С.А., Демеуов А., Бекбосунов А.К.; - Қызмет көрсету: "Мәдени-тынығу жұмысы"- бағдарламалар мен жобалардың менеджерлері: Сапарова Ю.А., Кадыралиева А. М.Әуезов атындағы ОҚУ жанындағы ОӘБ-ЖБТ Жобалық офисінің мақсаты - білім беру мазмұнын кешенді жаңарту шеңберінде даярлау бағыттары бойынша жобаларды басқару Тобының қызметін басқару. Жобалық кеңсе стейкхолдерлер арасында диалог алаңдарын құруды жүзеге асырады; білім беру сапасын, жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін және кадрларды кәсіптік даярлауды арттыру бойынша шаралар жүргізеді; Қазіргі уақытта ОӘБ-ЖБТ құрамына ҚР 25 университеті, 5 колледжі, шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері, стейхолдерлер: жұмыс берушілер-өнеркәсіптік кәсіпорындардың, оқу және мәдени орындарының өкілдері, студенттер, магистранттар және докторанттардан тұратын 100 өкіл мүшелік етеді. Жобалық офис қазіргі заманғы білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес жаңа формациядағы педагогтарды даярлаудың жаңартылған мазмұнын имплементациялау жүргізеді; дуальді оқытудың тетіктерін әзірлеу және іске асыру, еңбек нарығында маман түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында оқу-ғылыми-білім беру кешенін (ОҒБК) құру бойынша өндіріс және бизнес өкілдерімен өзара келісілген жобаларын әзірлейді. Оқу-әдістемелік бірлетігінің басты міндеттері: - «Білім» тобы мамандықтары бойынша білім ұйымдарының оқу-әдістемелік қызметтерінің өзара байланыстары мен үйлестіруді жүзеге асыру; - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау бағыттарының классификаторын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау; - жоғары оқу орындарына түсу үшін дайындық бағыттары бойынша талапкерлердің ҰБТ, КТ мамандандырылған пәндерін, сондай-ақ жоғары оқу орындары студенттерінің ОЖСБ бейіндік пәндерін анықтау бойынша ұсыныстар жасау;

  •  
    Оқыту-әдістемелік бірлестігінің құрамы

    Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

    Сейтмагзимова Галина Мануиловна – БЗХТ секциясының төрағасы

    Техника ғылымдарының кандидаты, профессор, «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының меңгерушісі.

    Органикалық заттардың химиялық технологиясы

    Дауренбек  Назарбек Мухаддасович– ОЗХТ секциясының төрағасы
    Техника ғылымдарының кандидаты, доцент, «Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы»

     кафедрасының меңгерушісі.

    Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы

    Есимов Беген Омарович - ББжСМХТ секциясының төрағасы Геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Цемент, керамика және шыны технологиясы кафедра меңгерушісі. 

    Қазіргі уақытта «Цемент, керамика және шыны технологиялары» кафедрасы «6B07190 – Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы» және «6B07191 - Керамика, шыны және кристалдар сараптамасы» білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврлар,«Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы»(ғылыми-педагогикалық бағыт) және«7M07192 - Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы»(оқытудың профильдік бағыты) білім беру бағдарламалары бойынша магистрлер және «8D07190 - Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша докторанттар дайындайды.

    2019 жылы бакалавриат бағдарламасы халықаралық аккредитациядан сәтті өтіп,сертификат алды. Магистрлік бағдарламасы да экспертизадан өтті және IQAA-дан аккредитациядан өтті.

    Кафедраның оқу зертханалары: «Керамика мен отқатөзімді материалдардың химиялық технологиясы», «Байланыстырғыш материалдардың химиялық технологиясы», «Шыны мен ситаллдардың химиялық технологиясы», «Кристаллография және минералогия», ұсақтайтын, ұнтақтайтынжәнепеш бөлімдерімен қамтылған «Силикат» оқу-ғылыми-өндірістік орталығы,  «Силикат материалдарын заманауи сынауә дістерінің кешенді зертханасы» және т.б. Зертханалар заманауи құрал-жабдықтар мен жабдықталған

     

     

    ЖАЛПЫ ДАМУДЫҢ ПӘНДІК МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУ  БАҒЫТЫ:

    «Кәсіптік оқыту»

     

    Жолдасбекова Сауле Абдразаққызы- Кәсіптік оқыту секциясының төрағасы педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Кәсіптік оқыту» кафедра меңгерушісі. 

    Кәсіптік оқыту білім бағдарламасы бойынша мәлімет

    Кәсіптік оқыту кафедрасында мамандарды дайындау 3 саты бойынша жүзеге асырылады «Бакалавриат», «Магистратура», «Докторантура». Бакалавриат бағыты бойынша екі білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады: Олар 6В01450-«Кәсіптік оқыту» және 6В01451-«Көркем еңбек және сызу». Магистратура бағыты бойынша бір білім беру бағдарламасы 7М01450-«Кәсіптік оқыту» және PhD докторантура бағыты бойынша 8D01450-«Кәсіптік оқыту». Кафедрада қызмет істейтін профессор-оқытушылар құрамынының 50% -ның дәрежесі бар, оның екеуі ғылым докторы профессорлар. 8D01450 PhD докторантура бағыты бойынша диссертациялық жұмыстарды қорғаудың арнайы кеңесі жұмыс жасауда, төрайымы кафедра меңгерушісі п.ғ.д., профессор С.А.Жолдасбекова.

    Кафедраның материалдық-техникалық базасы заманауи үлгідегі технологиялық машиналармен және құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген.

     «Бастапқы  әскери дайындық»

    Жолдасбекова Бибисара Абдиманатовна - Бастапқы  әскери дайындық секциясының төрағасы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі» кафедра меңгерушісі 

     

     

    6В01410 –«Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау»

     білім беру бағдарламасы бойынша жалпы мәлімет

     «Бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасының жоба менеджері - «Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Жолдасбекова Бибісара Абдуманаповна

    Университет миссиясына сай негізгі мақсатымыз білім беру бағдарламасының жүйесі мен еңбек нарығы талаптарына сай жалпымәдени және кәсіби құзыреттіліктерді меңгерген бәсекеге қабілетті «Бастапқы әскери дайындық» мұғалімін даярлау болып табылады.

    Бүгінгі таңда «Бастапқы әскери дайындық» мамандығын даярлау Қазақстанның он жеті ЖОО-да іске асырылуда және біз олармен  тығыз байланыстамыз, бірге жұмыс жасаудамыз. Жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып оқу жоспарларын құрастырамыз, қазіргі еңбек нарығындағы өзгерістерге сай келетін заманауи талаптарға байланысты 6В01410 –«Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасын жасаймыз, орта оқу орындарында «Алғашқы әскери  және технологиялық дайындық» пәннің жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша білім берудің жаңа әдістерін қолданудамыз, сондай-ақ оқулықтарды, оқу құралдарын талқылаймыз, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша тығыз байланыста жұмыс жасаймыз, академиялық ұтқырлық,  студенттік олимпиаданы өткізу бойынша ерекше назар аударамыз.

    «Бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасы аясында Шымкент қалалық №7 Қ.Спатаев атындағы IT мектеп лицей, №54 жалпы орта білім беретін мектеп, №77 А.Асқаров атындағы мектеп лицей, №4 Х.Досмухамедов атындағы жалпы орта мектеп, №24 С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектеп және №50 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясымен тығыз байланыста жұмыстар атқару үстіндеміз.

    2019-2020 оқу жылында Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінен өтіп баспадан шығарылған оқу құралдары:

    1. Атыс дайындығы. Оқу құралы. Б.Р.Ахметов, Қ.И.Садықов, А.К.Демеуов, Е.Ж.Қожамжаров

    2. Әскери дене дайындығы. Оқу құралы. А.К.Демеуов, К.С.Сихымбаев, И.Т.Мустафаев, Г.Б.Жунисов

    3. Әскери топография мен әскери инженерлік дайындық. Оқу құралы. А.К.Демеуов, А.К.Бекбосунов, Н.А.Бектаев, Е.Ә.Лес

    4. Әскери ұрыс тактикасын оқытып-үйрету әдістемесі. Оқу құралы. А.К.Демеуов, Б.Р.Ахметов, А.К.Бекбосунов

     

     ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ  БАҒЫТЫ:

    "Мәдени-тынығу жұмысы"

    Тлеубаев Сералы Шабаевич  - Мәдени-тынығу жұмысы секцияның төрағасы,   Философия ғылымдарының докторы, профессор, «Мәдени және әлеуметтік қызмет» кафедра меңгерушісі

    Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы алғаш рет Қазақстанда 1967 жылы Мемлекеттік  мәдениет институтының жанынан құрылды. Қазіргі таңда, осы мамандық бойынша Қазақстанның 8 жоғары оқу орындарында келесідей маманданулар бойынша  мамандар даярлауда.

    6В11120-Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы:  

    6В11120 (01) –   Мектеп және мектептен тыс мекемелерде мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастыру  педагогикасы;

    6В111200 (02)  -          Бұқаралық мерекелер мен қойылым режиссурасы;

    6В111200 (03)-    Халық театрына жетекшілік

    6В111200 (05)-   Хор ұжымына жетекшілік

    6В11120 (06)-     Халық аспаптары оркестріне жетекшілік

    Күндізгі және кешкі оқу түріндегі білім беру қазақ және орыс тілдерінде  4 жыл көлемінде жүргізіледі.

    Сырттай оқу бөлімі:

    Арнайы орта  біліммен -3 жыл, жоғары білімнен кейін -2 жыл.

    Кешкі оқыту – 5 жыл.

    Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы  студенттерге мамандық бойынша бұқаралық мерекелерді ұйымдастыру, театрландырылған концерттік бағдарламалар мен байқаулар, фестивальдер, шоу бағдарламалар, жеке шығармашлық қызметті салтанатты мерекелер мен меретойларды ұйымдастыруға қажетті барлық  дағдыларды алуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, көркем оқу, сценарийік шеберлік, режиссуралық және  актерлық шеберлік өнерін, бұқаралық мерекелер мен қойылым режиссурасы, халық театрына жетекшілік, хор жетекшілік, хор ұжымына жетекшілік, би ұжымына жетекшілік, халық аспаптары оркестріне  жетекшілік,  жүргізе білу дағдыларын қалыптастыруға  мүмкіндік береді. 

             Оқуды аяқтағаннан кейін, бітіруші мәдени мекемелер маманы  ретінде жолданады. Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша көптеген эстрада жұлдыздары бітіріп шыққан. Атап айтқанда Марат  Омаров , Мақпал Жүнисова, Дина Төлепберген, Қабатов Тұрсынбек, Жүсіп Ақшора.Ринат, Гайсин .

     

     

     

  • Бұйрық

     

  • Жоспар

     

  • Жаналықтар

     

    Жаңалықтар

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.