6B01410 Бастапқы әскери дайындық
Біздің жетістіктеріміз
Мамандық студенттері бұқаралық спортта үлкен жетістіктерге жетіп, Қазақстан Республикасының көк байрағын аспанға желбіретіп, Қазақ елін дүние жүзіне танытуда. 2000 жылы Сидней қаласында өткен Олимпиада ойындарында: бокстан Әлем чемпионы – Б. Саттарханов, М. Ділдәбеков – Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Базарбек Домбай – (дзю-до) – 5 орын, ауыр атлетикадан Таьяна Хромова, Бақыт Ахметов қатысты. 2004 жылы Афина қаласында өткен Олимпиада ойындарында: А. Юсупова (көркем гимнастика), О. Довгун (оқ ату) 4 орын алды, Татьяна Хромова, Бақыт Ахметов (ауыр атлетика) – 6-7 орындарды алды. 2008 жылы Пекинде өткен Олимпиада ойындарында: Е. Шыналиев 3- орын, Е. Шалыгина 3- орын, А. Юсупова 4-ші орын, В. Коваленко, Ю.Юрков, О. Довгун – оқ ату, С. Истомин ауыр атлетикадан қатысты. 2012 жылы Лондон қаласында өткен Олимпиада ойынында Н. Мамаев таэквондадан қатысты, ал 2016 жылы Рио-де-Жанэйрода өткен Олимпиада ойындарында Ж. Жаппарқұл күміс жүлдені жеңіп алды.
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасындағы универсиадада 2002-2005 жылдары Универсиада Кубогін, 2007 жылы қола жүлдені, 2011 жылы екінші орынды иелендік. Елена Шалыгина Азия ойындарының бірнеше дүркін чемпионы, бокстан 2011 жылы Д. Оспанов ауыр салмақтан Азия чемпионы, 1-ші жасөспірімдер Олимпиадасының (Сингапур 2010ж.), ауыр атлетикадан Гватемаль қаласында Жазира Жаппарқұл Азия чемпионы. Анастасия Прилепа 2011 жылы Сингапурде өткен Азия чемпионатында 4 алтын, 2 күміс медаль иеленді. 2011 жылы Жакипбекова Перизат самбодан Әлем чемпионатында қола жүлде, Тегеран қаласында (Иран) еркін күрестен Дүйсебеков Ержан 3-ші орынды иеленді. Сан – Паулу 2012 жылы А. Ержан армрестлингтен Әлем чемпионы, Таиландта І. Ермухамед – еркін күрестен қола жүлдегер, Д. Суханбердиева, В. Абдуразаков 2012 жылы каратэден Әлем кубогінің жеңімпаздары атанды.
Өзбекстан Республикасы 15-21 маусым аралығында 17-18 жастағы 55 кг салмақ дәрежесінде спорттың кикбоксинг түрі бойынша халықаралық чемпионат өтті. Чемпионатта Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызыстан, Тәжікстан, Туркия, Украина, Ресей, Испания секілді мемлекеттерден спорт шеберлері қатысты. Жарыста М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Мәдениет және спорт» факультеті МС-20-3к2 тобының студенті Сейден Ұлпан 1-орын алып, елге алтын медальмен оралды.
Жеңіс құтты болсын, Ұлпан!
Тайландтың Банкок қаласында өткен 2023 жылғы Азия чемпионатында (U-22) бокстан Дене шынықтыру және спорт мамандығыныі 4 курс студенті Сабырхан Махмуд алтын медаль, 3 курс студенті Серік Абзал күміс медаль иегері атанып еліміздің мерейін асқақтатты.
Қазақстанның 8 дүркін чемпионы, 2017 жылда Азия және Астанадағы өткен жарыстардың жүлдегері 2019 және 2019 жылдарда Азия чемпионатының қола медалі иегері, М.Әуезов атындағы ОҚУ-і МС-17-3р тобының студенті Кравченко Зоя 2021 жылда Индияның Дели қаласында өткен жарыста күміс медальға ие болды.
Зоя жеңіс құтты болсын!
Мемлекеттік бюджет бойынша орындалатын ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы: «Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде болашақ дене тәрбиесі мұғалімін кәсіптік даярлауға тұлғалық-бағдарланған тәсілдің ғылыми аспектілері». шифрі ГБ НИР-21-09-12. Жұмыс бес бөлімнен тұрады.
1-ші этап Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби және тұлғалық қалыптасуының теориялық және әдістемелік негіздері. Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін талдау және диагностикалау.
Кафедра ПОҚ Қазақстан Республикасының республикалық және аймақтық конференцияларына белсенді қатысады.
Жоспарға сай кафедра оқытушылары жыл сайын ғылыми еңбектері мен оқу-әдістемелік әдебиеттерін жарыққа шығарады. Кафедра бойынша 300-ге жуық ғылыми еңбектер мен оқу-әдістемелік әдебиеттер жарық көрген
СҒЗЖ насихаттау студенттерді үйірме жұмысына тарту және семинарлар мен ғылыми конференцияларға белсенді қатыстыру арқылы жүзеге асады. Кафедраның ПОҚ-ы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыруда тынбай жұмыс жасап келеді. Оқытушылардың жетекшілігімен студенттер пәндік олимпиядаларға белсенді қатысады, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, конференцияларға баяндамалар дайындап, оларды ғылыми басылымға ұсынады, конкурстарға қатысады.
Кафедрада дене тәрбиесінің міндеттері және оқыту процестері бағытты түрде, педагогикалық негізделген, ғылымның соңғы жетістіктерін қолдана отырып шешіледі.
Кафедра жанында «Физкультурник» және «Патриот» үйірмелері жұмыс жасайды.
Кафедраның оқу-өндірістік базасы төмендегі мектептермен келісім- шарттар құрған:
- № 47 Т.Тәжібаев атындағы гимназия мектебі.
- А. Назарбеков атындағы № 87 Жалпы орта білім беретін мектеп
- № 77 А.Асқаров атындағы мектеп-лицейі
- № 1 А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясы
- №75 мектеп-гимназия,
- А.Байтұрсынов атындағы № 50 мектеп-гимназия
- №59 Жалпы орта мектеп
- № 90 Жалпы орта мектеп
- №7 Қ. Спатаев атындағы техникалық лицей
10. №24 С.Ерубаев атындағы мектеп – лицейі
11. №23 З.Космодемьянская атындағы жалпы орта мектеп
12. №54 жалпы орта мектеп
Мамандарды дайындаудың мақсаты мен міндеті педагогикалық іс-тәжірибені өткізу және ұйымдастыру талаптарына сай. Кафедрада оқу-ғылыми өндірістік кешендерімен (УНПК) жасалған келісім-щарттар, студенттерге іс-тәжірибеде берілген тапсырмаларды орындаудың бағдарламалары мен әдістемелік нұсқаулары бар. Педагогикалық іс-тәжірибе біткеннен соң іс-тәжірибенің қорытындысы бойынша студенттер дифференциалдық сынақ тапсырады. Өзекті мәселелер бойынша студенттерге шолу дәрісін өткізеді.