6B03130 Психология
2023 жылдың 24 - ақпан күні «Тарих және педагогика» факультеті, «Психология және арнайы педагогика» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Жолдасбеков Абдиманап Абдразахович Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нурбектің табыстауымен «ҚР ЖОО-ың үздік оқытушысы» төсбелгісімен марапатталды. Профессор бұл атаққа үш рет, яғни 2005ж., 2011ж., 2022 жылы иегер болып отыр. Кафедра және деканат ұжымы п.ғ.д., профессор А.А. Жолдасбековты «ҚР ЖОО-ың үздік оқытушысы» атағын алуымен құттықтаймыз! Ғылым мен білім жолында жастарға үлгі болып, биіктерден көріне беруіңізге тілектеспіз!
Сонымен қатар кафедраның п.ғ.м., оқытушы Каракпаева Сарбиназ Куанышбековна – Қазақстан Республикасы Педагогтар Қоғамының ұйымдастыруымен өткізілген «Білім беру ісінің үздігі-2023» республикалық байқауына белсене қатысып ұсынған жұмыстары үздік деп танылғаны үшін «Үздік педагог-психолог» номинациясымен марапатталды.
М. Әуезов атындағы ОҚУ «Тарих және педагогика» факультетінде танымал Coursera платформасының білім беру курстары басталды. Бастама жоғары білім беру сапасын бәсекеге қабілетті деңгейге көтеру және қазақстандық студенттердің әлемдік білім ақпаратына қолжетімділігін ашу мақсатында жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі әсері қазақстандық студенттерге халықаралық білім беру платформаларындағы курстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Coursera платформасында әлемдік деңгейдегі университеттерді немесе жетекші салалық компанияларды (Стэнфорд, Колумбия, Дюк, Джонс Хопкинс, Йель, Мета, Google) ұсынатын беделді пән сарапшылары жасаған 10 000 курстар.
Аударылған 50 Coursera курстары 9 саланы қамтиды: инновация, стратегиялық көшбасшылық және менеджмент, инженерияға арналған математика, маркетинг, логика және сыни ойлау, Python мамандануы, мансаптық жетістік мамандануы, механика, бизнес үшін киберқауіпсіздік. Бұл курстар психология, автоматтандыру және басқару, радиотехника, электроника және телекоммуникация, электр энергетикасы, сәулет, экономика, менеджмент, машина жасау, есеп және аудит және т.б. сияқты білім беру бағдарламалары шеңберінде қолданылады. Жоғарыда аталған білім беру бағдарламаларының бөлігі ретінде Coursera курстары жалпы психология, қолданбалы психология, басқару психологиясы, медиа коммуникация психологиясы, шығармашылық психология, стратегиялық инновациялар, инновациялық бастамаларды басқару, компьютерлік графика, архитектуралық графика және макет, бизнес негіздері сияқты пәндерде қолданылады.
«Психология және арнайы психология» кафедрасында 6В03130 – «Психология» және 6В01910 – «Дефектология» білім беру бағдарламаларының студенттері Абдулова Сабина, Ахметова Дияра, Шарахматова Шарахноз, Айропетян Хасмик, Тимурули Аян, Хайридинова Мусави, Хайридинова Мусави өз жұмыстарын сәтті аяқтады. келесі курстарда оқиды және сертификаттар алды: .Жетекші командалар: Көшбасшы ретінде даму/Топ көшбасшылығы;
Көшбасшы ретінде даму, қиынырақ емес, ақылды жұмыс;
Жеке және кәсіби келіссөздер өнері үшін уақытты басқару Қайтадан ойланыңыз және т.б.
А. М. Усенованың бастамасымен студенттердің коғаммен қарым-қатынасын нығайту және жастардың белсенділігін арттыру мақсатында белсенді студенттерді іріктеп "Leader" студенттер клубы ашылды.
Психология және арнайы педагогика кафедрасының Психология БББ, ТП-20-13 ДК студенттері Джолдасбекова Ақмарал, Аббаз Аружан, Тоқан Ұлбосын, Төлеген Әсел 2023 жылдың 20-21 сәуір аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында болып өткен Психология бойынша ХV Республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, басқа да университет студенттерімен тәжірибе алмасып, білімдерін толықтырып қайтты. Топ жетекшісі: п.ғ.м., аға оқытушы Қ.Е.Ауелова.
Олимпиаданың мақсаты: ең дарынды студенттерді іріктеп, шығармашылық қабілеттерін ашу және қолдау көрсету, зияткерлік әлеуетінің қалыптасуына көмектесу, сонымен қатар, қазіргі заманның ғылыми психологиялық мәселелерін шешуге студенттерді жұмылдырып, ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту.
2023 жылдың сәуір айының басында Алматыда Қазақстан әйелдер ғалымдары қоғамы (Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамдық бірлестігі) ұйымдастырған "Ғалым әйелдердің заманауи Қазақстандық қоғам дамуына қосқан үлесі" атты республикалық Форум өтті. Іс шара Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында өтті.Дөңгелек форумның ұйымдастырушысы және спикері филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Аяпова Таңат Тәңірбердіқызы. Іс-шара online және offline режимінде өтті.
Негізгі баяндамалардың лейтмотиві ғылым мен өндірістің түрлі салаларындағы қазақстандық әйелдердің жемісті қызметінің аспектілері болды. Атап айтқанда, Қазақстанның әйел ғалымдарының педагогика ғылымына, медицинаға, филологияға, цифрландыруға және т. б. қосқан үлесі назар аударарлық.
Форумның маңызды оқиғасы «Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамдық бірлестігі» аясында шыққан «Әйел және ғылым: Қазақстанның белгілі ғалым әйелдері» энциклопедиясының 1 томының тұсаукесері болды. Қазақстанның Оңтүстік өңірінен энциклопедияға М.Әуезов атындағы ОҚУ – ның екі әйел-ғалымы: ректор, п. ғ. д., профессор Қожамжарова Дария Пернешқызы және п. ғ. д., «Психология және арнайы педагогика» кафедрасының профессоры Қабылбекова Заурет Бердіқұлқызы енгізілді.Білім сапасы – мұғалімдер қызметінің сапасы. Ал осы сапаға қол жеткізу үшін біліктілікті жетілдіру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру мақсатында ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыраттыру мақсатында өткізіліп жатқан көптеген қысқа және ұзақ мерзімді аясында ұйымдастырылған біліктілік арттыру курстары педагогтардың кәсіби даярлығын арттырып, өз ісін жоспарлай алуына, өзінің нақты мақсаттарын болжап, көріп, өз әрекетін ұйымдастыра алу шеберлігін шыңдауындағы маңызы өте зор. Осы орайда кафедраның профессор оқытушылар құрамы өз біліктіліктерін арттырды.
16.01-27.01.2023жж. аралығында «Психология және арнайы педагогика» кафедрасының меңгерушісі, PhD, доцент – Усенова А.М. және кафедра пс.ғ.к., доцент Шоманбаева А.О. қысқы мектеп аясында 72 сағат көлемінде «Инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу және оқыту нәтижелері» тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтті. Біліктілікті арттыруды ОӘБ және АкМЖД тарапынан ұйымдастырылды.
Бағдарламалық дәрістерді Наукенова А.С., Адырбекова Г.М., Курбанбеков Қ.Т. оқыды. Барлық тренингтер миға шабуыл, топтық жобаларды құру және қорғау сияқты әдістерді қолдана отырып, оқыту жұмысының интерактивті режимде ұйымдастырылды.
«Психология және арнайы педагогика» кафедрасында 6В03130-Психология ББ бойынша 1,2,3,4 курс студенттерінің кәсіптік практикадан сапалы өтуін қамтамасыз ету үшін 2022-2023 оқу жылында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
6В03130-Психология ББ бойынша 276 студент білім алуда.
1,2,3,4 курста білім бағдарламасында 4 практика түрі қарастырылған:
1.Оқу практикасы(1-курс);
2.Өндірістік практика (2-курс);
3.Педагогикалық практика (3-курс). 4. Дипломалды практика(4-курс);
Студенттердің жоғарыда аталған практика түрлерін жоғары дәрежеде өтуі үшін келесі мекемелермен келісім-шарт түзілген:
1.З.Космедемянская ат.№23 мектеп-лицей |
Шымкент қаласы, Байтиленова 18 |
2.К.М.М О.Жолдасбеков ат. №9IT лицей |
Шымкент қаласы, Қазыбек би-40 |
3.№75 мектеп-гимназия |
Шымкент қаласы, Қазиева 26 а |
4.А.С.Пушкин ат.№1мектеп-гимназия |
Шымкент қаласы, Рысқұлбеков 12 |
5.ҚР Ұлттық ұланы 6698 әскери бөлімі |
Шымкент қаласы, Алпысбаев-125 |
6.ҚР Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімі |
Шымкент қаласы, Адырбекова -139 |
7.ЖШС №1 қалалық емхана |
Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы-35 |
8.Шымфарм ЖШС |
Шымкент қаласы, Шымсити-10 |
9.ШЖҚ №8 Қалалық емхана |
Шымкент қаласы, Байтурсынова-2 |
10.«АЙ-Ару» инновациялық-психология орталығы |
Шымкент қаласы, Қайтпас-1 Көшеров көшесі-87 |
11.№2 Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы |
Шымкент қаласы, Мамин-Сибиряк-6-3 |
12.Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ауданаралық соты |
Шымкент қаласы, Түркістан көшесі-87 |
13.Шымкент қаласы»Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі» |
Шымкент қаласы, Нүрсат ма, 1А |
14.№Talant жалпы білім беру мектебі |
Шымкент қаласы, Жангельдин көшесі-43 |
15.ЖШС «ALEM» мектебі |
Шымкент қаласы, Адырбекова-87 |
16.«BOLMUS» практикалық-психологиялық орталығы |
Шымкент қаласы, Теріскей-7 |
17.Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «TEN QOGAM» әлеуметтік қорғау орталығы |
Шымкент қаласы, Аймауытова-130 |
18.Жастар ресурстық орталығы КММ |
Шымкент қаласы, Түркістан көшесі-1 |
"Психология және арнайы педагогика" кафедрасының студенттері білім беру бағдарламаларының негізінде алған теориялық білімдерін іс-тәжірибе жүзінде шыңдау мақсатында тиісті мекемелерде (бала-бақша, мектеп, әскери бөлім, емхана, әлеуметтік көмек көрсету орталықтары) практикалық іс-тәжірибеден өтеді.
ҚР ҒЖБ Министірлігінің 2022 жылы шетелдік ғалымдарды оқытушылық қызметке тарту бағдарламасы бойынша Түркия мемлекеті, Анкара қаласы, Гази университетінің профессоры, PhD Южель Гелишли М. Әуезов атындағы ОҚУ, «Психология және арнайы педагогика» кафедрасының «Психология» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға «Қазіргі таңдағы жастардың бойындағы деструктивті мінез-құлық» тақырыбында дәріс өтті.
Дәрісте түрлі агрессивті мінез-құлықтың психологиялық теориялармен қатар жасөспірімдердің мінез-құлқындағы агрессиялық сипаттар қарастырылып, агрессивті мінез-құлыққа бейім жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктеріне әсер ететін жолдар мен амалдар талданды. Білім алушылар тақырыпқа байланысты теориялық және практикалық білімдерімен бөлісе отырып, дискуссия, сұрақ-жауап әдістері арқылы кері байланыс жасалды.
«6В03130-Психология» білім беру бағдарламасы бойынша студенттер арасындағы І пәндік олимпиада
15.03.2023 жылы сағ. 10:00де «Психология және арнайы педагогика» кафедрасының Стратегиялық жоспарына сәйкес «6В03130-Психология» білім беру бағдарламасының 2 және 3 курс студенттері арасында кафедраішілік І пәндік олимпиадасы болып өтті.
Олимпиаданың мақсаты – «6В03130-Психология» білім беру бағдарламасына сәйкес теориялық және практикалық тұрғыда білімі бар дарынды студент жастарды анықтау, студенттердің рухани-адамгершілік білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына және Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысуға қызығушылықтарын арттыру.
Олимпиадаға 6 команда құрамы - «Кемел адам», «Жалын», «Стимул», «Дивергент», «Креатив», «Эмпатия» топтары қатысып:
І-дәрежелі дипломмен «Кемел адам» тобы марапатталып, 50000тг. жүлде иеленді. Жетекшісі, п.ғ.м., аға оқытушы Ауелова Қымбат Ережеповна;
ІІ-дәрежелі дипломмен «Креатив» тобы марапатталып, 30000тг. жүлдеге ие болды. Жетекшісі, п.ғ.м., аға оқытушы Нигматуллина Жібек Шаймерденовна;
ІІІ-дәрежелі дипломмен «Эмпатия» тобы марапатталып, 20000тг. жүлде иеленді. Жетекшісі, п.ғ.м., аға оқытушы Жандабаева Индира Серікбайқызы.
Олимпиада барысында белсенді студенттердің түрлі қырларынан ашылып, өздерінің білімдері мен өнерлерін жоғары деңгейде көрсете алғаны үшін басқа топтарға «Танымдық белсенділігі», «Әдіснамалық білімділігі», «Ғылыми ой-өріс ұшқырлығы» номинациялары берілді.
Олимпиадаға қатысқан белсенді студенттерге қаржылай көмек көрсеткені үшін GGX KAR TS компаниясының бас директоры - Тоқтар Смаханұлына алғыс білдірілді.
«Дефектология» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің пәндік байқауы
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің, «Тарих және педагогика» факультеті, «Психология және арнайы педагогика» кафедрасының «Жас дефектолог» студенттердің ғылыми үйірмесінің ұйымдастыруымен «Дефектология» білім беру бағдарламасы бойынша 2022 жылдың 16-қарашасында «Менің мамаңдығым – мақтанышым» атты студенттердің пәндік байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: болашақ талантты жас мамандарды анықтау және қолдау көрсету, сонымен қатар арнайы және инклюзивті білім беру саласында ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді дайындау бойынша бірегей білім беру кеңістігін құру болып табылады және Республикалық пәндік олимпиадаға баратын студенттерді іріктеу.
«Дефектология» мамандығы бойынша студенттердің пәндік байқауына 3-4 курс студенттері, «Күн шуақ», «Интеллект», «Демеу», «Бірлік» атты командалар қатысты.
Байқау бағдарламасына сәйкес, додаға қатысушылар 5 байқау кезеңдерін өткізді:
«Өзін-өзі таныстыру»;
«Миға шабуыл»;
«Логопедиялық калейдоскоп»;
«Педагогикалық шеберлік»;
«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» (тестілеу кезеңі).
Командалардың даярлығы және байқаудың барлық кезеңдерінен өтуде студенттердің жоғары көрсеткіштері мен тамаша дайындығын көрсетті.
Психология және арнайы педагогика кафедрасының Психология БББ, ТП-20-13 ДК студенттері Джолдасбекова Ақмарал, Аббаз Аружан, Тоқан Ұлбосын, Төлеген Әсел 2023 жылдың 20-21 сәуір аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында болып өткен Психология бойынша ХV Республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, басқа да университет студенттерімен тәжірибе алмасып, білімдерін толықтырып қайтты. Топ жетекшісі: п.ғ.м., аға оқытушы Қ.Е.Ауелова.
Олимпиаданың мақсаты: ең дарынды студенттерді іріктеп, шығармашылық қабілеттерін ашу және қолдау көрсету, зияткерлік әлеуетінің қалыптасуына көмектесу, сонымен қатар, қазіргі заманның ғылыми психологиялық мәселелерін шешуге студенттерді жұмылдырып, ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту.
“XXl ғасыр педагогикасындағы Абай мұралары” атты Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінде өткен педагогикалық мамандықтар студенттеріне арналған lll Республикалық олимпиадасында жоғары деңгейде интеллектуалдық және шығармашылық қабілет танытқаны үшін “Жалпы педагогика және психология” кафедрасының “Нұрлы Ақыл”тобы жүлделі 3 орынға ие болды! Топ жетекшілері: кафедра меңгерушісі, PhD,доцент А.М. Үсенова, аға оқытушы Қ.Е. Ауелова.
БББ бойынша ОПҚ біліктілігін арттыру
16.01-27.01.2023жж. аралығында «Психология және арнайы педагогика» кафедрасының меңгерушісі, PhD, доцент – Усенова А.М. және кафедра пс.ғ.к., доцент Шоманбаева А.О. қысқы мектеп аясында 72 сағат көлемінде «Инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу және оқыту нәтижелері» тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтті. Біліктілікті арттыруды ОӘБ және АкМЖД тарапынан ұйымдастырылды.
Бағдарламалық дәрістерді Наукенова А.С., Адырбекова Г.М., Курбанбеков Қ.Т. оқыды. Барлық тренингтер миға шабуыл, топтық жобаларды құру және қорғау сияқты әдістерді қолдана отырып, оқыту жұмысының интерактивті режимде ұйымдастырылды.
«Тарих және педагогика» факультетінің, «Психология және арнайы педагогика» кафедрасына факультет тарапынан жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсатында Түркістан облысы мен Шымкент қаласына қарасты жалпы 13 мектеп бөлінген. Соның ішінде Түркістан облысы, Түлкібас ауд. Кершетас ауылы, Ж. Жандарбеков атындағы ЖОББМ, Жиынбай ауылы, Жиынбай ЖОББМ, Келтемашат ауылы, С. Сейфулин атындағы ЖОББМ, және Шымкент қаласы, М. Әуезов атындағы №96 ЖОББМ Али Ақбаев атындағы №101 ЖОББМ-нің бітіруші сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша кездесу өткізілді.
Кездесу барысында кафедра меңгерушісі PhD, доцент Усенова А.М. аға оқытушылары Ауелова Қ.Е., Айнабек С.Б., Алдиев А.А., Айменова Ж.А., Асетова Г.А. жоғарыдағы аталған мектептердің басшылықтары мен кәсіптік бағдар жұмыстарына жауапты мамандарымен кеңесіп, мектеп бітіруші түлектерімен кездесті. М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің білім беру бағдарламаларымен таныстырып, университетіміздің мамандарды даярлаудағы жетістіктері мен кең ауқымды мүмкіндіктері жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кафедра меңгерушісі PhD доцент Усенова А.М факультет бойынша мамандарды оқытудағы жетістіктер мен нәтижелерді, сондай-ақ, психолог мамандарды даярлап жетілдіру барысын айтып өтті. Кафедраның кәсіптік бағдарға жауапты маманы, магистр оқытушы Алдиев А.А. жоғары сынып оқушыларын 6В03130 - Психология білім беру бағдарламасының оқу мазмұнымен таныстырды.
Кездесу соңында оқушылармен сұрақ-жауапқа кезек беріліп, оқушылар университетке түсудің мүмкіндіктері мен 6В03130 - Психология білім беру бағдарламасы жөнінде өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ, білім беру бағдарламалары туралы нұсқау кітапшасы оқушыларға берілді.