6B07230 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
6В07230 – "Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы"
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: техника және технология бакалавры
Түлектердің қызмет саласы: Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын: киім, аяқ киім және аксессуарларды құрастыру және технологиясы саласындағы ұйымдастыру-басқару, өндірістік-техникалық, ғылыми-зерттеу және басқа да жұмыс түрлері.
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы» кафедрасы жыл сайын республикалық олимпиадаларға қатысады.
– Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің арасында 2020 жылы 23-24 сәуірінде өткізілген ХІІ Республикалық пәндік олимпиадасында "Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы" білім беру бағдарламасы бойынша "Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы" кафедрасы ІІІ орын иеленді және Съезд Жанар Оралқызы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Кафедра студенттері жыл сайын өткізілетін пәндік олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болады. 2021 жылы "Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы" мамандығы ҚР ЖОО арасында 2 орын алды.
Кафедра жыл сайын жетекші жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу институттарымен және шет елдердің білім беру мекемелерімен, сондай-ақ ҚР-да аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерімен және шет мемлекеттердің ұлттық мәдени орталықтарымен білім беру ұйымдарымен әріптестік қатынастарды жетілдіру мәселелері бойынша байланыс орнатады және қолдайды.
«6В07230-Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» білім беру бағдарламасы 2020 жылғы білім беру бағдарламалары рейтингінің қорытындысы бойынша 2-орын иеленді.
"Ғылым - Білім - инновация" триадасы синтезінде кадрларды даярлау сапасын арттыру Бұл салада кафедра салмақты интеграциялық әлеуетке ие: Таяу және алыс шетелдердің жетекші университеттерімен ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдар:
- "HOF"университеті(Германия),
- Ивановка мемлекеттік политехникалық университеті (РФ, Иваново қ.),
- ЭГЕ университеті (Түркия, Измир қ.),
- Мәскеу мемлекеттік дизайн және технология университеті (РФ, Мәскеу қ.),
- Санкт - Петербург мемлекеттік технология және дизайн университеті (РФ, Мәскеу қ.).
"ЛидерСнаб" ЖШС,"Талапты" АӘД ЖШС, "Гаухар " ЖШС, "Томирис" ЖШС,"AzalaTextile" ЖШС,"South Textiline KZ" ЖШС,"Alatex" ЖШС ғылыми тағылымдамадан өтуге.
Облыстың тігін кәсіпорындарымен бірге базаларда оқу-ғылыми-өндірістік кешендер (ЕҚБ) құрылды: "Талапты" АӘД ЖШС, "Special Gear Kazakhstan" ЖШС, "Alatex" ЖШС. ОҚБ базасында білім алушыларға кәсіби қызмет үшін практикалық тәжірибе алудың нақты мүмкіндігі беріледі.
ПОҚ біліктілігін арттыру жүйесі кафедрада біліктілікті арттыру курстары, алыс және жақын шетелдердің жетекші университеттерінде, ғылыми-зерттеу институттарында, ұйымдары мен кәсіпорындарында тағылымдамадан өту арқылы жүзеге асырылады.
Оқытушылар 300-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектер жарық көрді,15 авторлық куәлік пен ҚР инновациялық патенттері, 8 монография, 30-дан астам оқулық пен оқу құралдары, 45 электронды оқулықтар алынды. Нөлдік емес импакт факторы бар журналдарда 160-тан астам мақала, БҒСБК басылымдарында 30 мақала жарияланды. Алыс және жақын шетел басылымдарында 120-дан астам ғылыми еңбек жарық көрді.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері оқу процесіне,сондай-ақ өндіріске енгізіледі, бұл 70-тен астам енгізу актілерімен расталады.
Қазіргі таңда кафедрада алыс және жақын шетелдердің 5 елінен 7 жоғары оқу орындарымен, ұйымдармен және ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастық туралы бірлескен келісім-шарттар мен меморандумдар жүзеге асырылуда:
- Иванов мемлекеттік политехникалық университеті (Ресей Федерациясы, Иваново қ.)
- К.Г. Разумовский атындағы Мәскеу техникалық және басқару мемлекеттік университеті (Ресей Федерациясы, Мәскеу қ.)
- «Эге» университеті (Түркия)
- «HOF»университеті (Германия)
- Либерец техникалық университеті (Чехия, Либерец қ.)
- Санкт-Петербург мемлекеттік технология және дизайн университеті (Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қ.)
- Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсібі институты (Өзбекстан Республикасы, Ташкент қ.)