6B04230 Кеден ісі
2. Білім беру бағдарламасы(ББ)
3. Жетістіктер
Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының доценті, т.ғ.к. Тілеулов Болатбек Ернстұлы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитетінің ұйымдастыруымен өткен «Өзгермелі әлемдегі жоғары оқу орындарының сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі» атты IV Еуразиялық форумның қатысушысы болды. Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз агенттік (IQAA).
Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының доценті, т.ғ.к. Тлеулов Болатбек Ернстович Республикалық «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» әлеуметтік акциясына белсенді қатысқаны үшін Шымкент қаласы тұрғындарының әлеуметтік осал топтарына заңгерлік кеңес бергені үшін Алғыс хатпен марапатталды.
«Мемлекеттік-құқықтық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Муратова Гүлзада Таубатырқызы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің ғылыми және оқу орындары арасында «ЖАС ҒАЛЫМДАР – 2020» жобасында жас ғалымдарға көрсеткен қолдауы үшін алғыс хатпен марапатталды.
4. ОПҚ біліктілігін арттыру
2023 жылы 28 ақпан күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мемлекеттік-құқықтық пәндер» кафедрасында профессороқытушы құрамын жоғары процентильді шетелдік ғылыми басылымдармен таныстыру мақсатында семинар өтті. Бұл семинар біздің университетіміздің ғылым Департаментінің қолдауы және белсенді қатысуымен жүзеге асырылды. Департамент басшысы PhD докторы, қауымдастырылған профессор Назарбек Ұ.Б. семинар тақырыбында баяндама жасап ғылыми мақалалар, стартап және жобаларды қалай жазу керек туралы мысалдар келтірді. Университеттің академиялық ғылым Департаментінің бас маманы т.ғ.к., доцент Алтынбеков Р.Ф. жоғары процентильді шетелдік ғылыми басылымдарда мақалаларды жариялаудың ерекшеліктерімен бөлісті. Ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз.
5. ОПҚ-ң еңбектері мен жобалары
"Мемлекеттік-құқықтық пәндер" кафедрасының ғылыми еңбектерін жариялау жоспарына сәйкес кафедра оқытушылары ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда белсенді жарияланады және SCOPUS.
6. Студенттік ұтқырлық
2022-2023 оқу жылында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру бойынша 2 студент білім алды. ЮМ-21-1к9 тобының студенті Толехан Дулат (Польша мемлекеті Лодзинский университетіне) шақырту алды. ЮМ-20-1р1 тобының студенті Тугельбек Алмас (Hof University of Applied Sciences Германия мемлекетіне) сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шақырту алды.
7. Практика
2021-2022 оқу жылының академиялық күнтізбесіне және оқу жоспарына сәйкес «Заң» факультеті, «Мемлекеттік құқықтық пәндер» кафедрасының 5В030100 – «Құқықтану», 5В030400 – Кеден ісі мамандықтары бойынша 4-курс студенттері дипломалды, 6В04210 - "Құқықтану ", 6В04230 - "Кеден ісі " білім беру бағдарламасы бойынша 2 және 3 курс студенттері төмендегі өндірістік практика базаларына жіберілді: Шымкент қаласы Полиция департаменті (Қаратау, Еңбекші, Абай аудандары бойынша), Шымкент қаласы Адвокаттар алқасы (жеке Адвокаттарға), Шымкент қаласы Қаратау аудандық прокуратурасы, Жеке сот орындаушылары Республикалық палатасының Шымкент қаласының филиалы – Шымкент қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, «Adilet group» заң кеңесшілер палатасы, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер басқармасы, Шымкент қаласы, Шымкент қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті, Шымкент қалалық Мемлекеттік Кірістер Департаментінің «Шымкент рәсімдеу орталығы» кеден бекеті, Shah trans logistics ЖШС ҚР Алматы қаласы, Шымкент қалалық Мемлекеттік Кірістер Департаментінің «Шымкент рәсімдеу орталығы» кеден бекеті, Шымкент қаласы "Саулет-Н" ЖШС.
8. Академиялық ұтқырлық
2021-2022 оқу жылында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру бойынша 2 студент білім алды. ЮМ-21-1к2 тобының студенті Ерман Шыңғысхан (Польша мемлекеті Лодзинский университетіне) шақырту алды. ЮМ-21-1к5 тобының студенті Агабекова Жанель (Hof University of Applied Sciences Германия мемлекетіне) сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шақырту алды.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз