6B05120 Биотехнология
2.Білім беру бағдарламасы(ББ)
3.Жетістіктер
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде АВС WEEKEND тренинг семинарының 2-ші күні өтті. “ Химиялық инженерия және биотехнология”жоғары мектебі “Биотехнология” мамандығының студенттері қатысты:
1.Шайдилла Жанжігіт ХТ-19-5к1
2.Ермантай Жібек ХТ-22-5к3
3.Абдикаримова Нуржамал ХТ-22-5к3
4.Берік Гүлназым ХТ-22-5к3
Жұмыстарын өте жоғары деңгейде көрсете білді, рахмет!!!!
2023 жылдың 28 қаңтарында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Республикасы ғылым және жоғары білім қауымдастығының “Жекеменшік білім беру және әлеуметтік жауапкершілік” тақырыбында семинар өтті. Жиналыстың басты мақсаты білім сапасын арттыру және жоғары оқу орындары арасындағы қордаланған мәселелерді ортаға салып, шешімін табу болып саналады. Жиналыстан соң министр М.Әуезов университетінің бүгінгі жетістігі мен болашағы туралы ғалымдардың жасап жатқан тың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты.
М.Әуезов атындағы ОҚУ “Республика күні ” мерекесін атап өтті. Іс-шара барысында елеулі еңбек етіп жүрген ұстаздар “Алғыс хаттармен” марапатталды. Әріптестерді шын жүректен құттықтаймыз!!!!
4.ОПҚ біліктілігін арттыру
5.ОПҚ-ң еңбектері мен жобалары
«Биотехнология» кафедрасының
2022 оқу жылындағы
ғылыми-зерттеу жұмыстары және ғылыми қызметі туралы статистикалық мәліметтер туралы есебі
- Мемлекеттік бюджет тақырыптары бойынша жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары (университеттің тақырыптық жоспары):
МҚ-ҒЗЖ-21-01-07
«АӨК, тағам және фармацевтика өндірісіндегі өндірістің қазіргі тәсілдері және биотехнологиялық аспектілері».
- Гранттар (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыру) бойынша жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары:
- AP14871736 «Түркістан облысының шөлейт аймағындағы тозған ауыл жайылымдарын ұтымды пайдаланудың тиімді технологияларын әзірлеу». Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., профессор Кедельбаев Б.Ш. Қаржыландыру көлемі: 49 000 000 теңге.
- Қаржыландырылатын тақырыптар бойынша жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары (соның ішінде шаруашылық келісімшарттар) – 3 жоба:.
- М.Әуезов атындағы ОҚУ, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Нью-Джерси штатындағы Рутгерс университеті арасындағы бірлескен бағдарлама: Жасыл нанотехнологиялар және қоршаған ортаны зондтау саласында серіктестік бағдарламасын құру. Қаржыландырудың жалпы сомасы 37813 АҚШ долларын құрайды. М.Әуезов атындағы ОҚУ бойынша – 2 310 331,45 теңге. АҚШ-Қазақстан университеттерінің серіктестік бағдарламасы Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Елшілігімен қаржыландырылады және халықаралық білім беру жөніндегі американдық кеңестер басқарады. Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., доцент Муталиева Б.Ж., жауапты қосалқы жетекші PhD Тлеуова А.Б.
- AP14871736 «Түркістан облысының шөлейт аймағындағы тозған ауыл жайылымдарын ұтымды пайдаланудың тиімді технологияларын әзірлеу». Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., профессор Кедельбаев Б.Ш. Қаржыландыру көлемі: 49 000 000 теңге.
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын нақты қаржыландыру – 51 310 331,45 теңге.
- Орындалған ғылыми бағдарламалар мен жобалар, оның ішінде университет жетекші болып табылатын ғылыми бағдарламалар мен жобалар – 1 жоба.
- Әртүрлі бағдарламалар бойынша гранттар алу байқауларына қатысу жұмыстарына талдау жасау.
Кафедрада 2022 оқу жылында қаржыландырылатын 2 жоба бойынша жұмыс жүргізілді, оның ішінде 1 халықаралық жоба.
- Ең маңызды ғылыми және шығармашылық нәтижелер
Студенттердің ғылыми жұмыстары жыл сайын университет және республикалық деңгейдегі ұйымдастыру комитеттерімен марапатталады.
Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамының 2 жобасы бар, оның ішінде -1 – 2022 жылға жарияланған конкурстың қорытындысы бойынша, ұзақтығы 3 жыл, екіншісі – Қазақстан мен АҚШ университеттері арасындағы Бірлескен бағдарлама.
«Биотехнология» кафедрасының өкілі, х.ғ.к., доцент Муталиева Б.Ж. 2022 жылдың 12 сәуірінде IV Нобель фестивалі (IV Nobel Fest): Экспоненциалды инновациялар әлемі бағдарламасының спикері ретінде қатысты. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінен арнайы пікірталас: Қазіргі ғылымдағы әйелдердің рөлін кеңейту немесе өзгерудің көшбасшысы.
2022 жылдың 1 қаңтары мен 30 қыркүйегі аралығында М.Әуезов атындағы ОҚУ, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Нью-Джерсидегі Рутгерс университеті арасында бірлескен бағдарлама бойынша жұмыс жүргізілді, М.Әуезов атындағы ОҚУ атынан жетекшісі «Биотехнология» кафедрасының доценті Муталиева Б.Ж. М.Әуезов атындағы ОҚУ, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті және Нью-Джерсидегі Рутгерс университеті арасындағы 2022 жылғы 1 қаңтардан 30 қыркүйекке дейінгі кезеңге арналған бірлескен бағдарлама жобасы. Жоба тақырыбы: «Жасыл нанотехнологиялар және экологиялық зондтау саласындағы серіктестік бағдарламасын құру». Қаржыландыру көлемі – 37813 АҚШ доллары. АҚШ-Қазақстан университеттерінің серіктестік бағдарламасы Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Елшілігімен қаржыландырылады және халықаралық білім беру жөніндегі американдық кеңестер басқарады.
Жоба аясында келесі іс-шаралар жүзеге асырылды:
- Нью-Джерси мемлекеттік университетінің профессоры Пол Тахистовтың (Рутгерс, АҚШ) барлық жас ғалымдарға, магистранттарға және докторанттарға, сонымен қатар, барлығына тақырып бойынша дәрістер ұйымдастыру: Қалай жариялау керек: Ғылыми мақала жазу, 10.03.2022 ж. https://auezov.edu.kz/kaz/home-kk-kz/3447-%D1%85%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D1%80%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D1%80%D1%83-2
- Нью-Джерси (Рутгерс, АҚШ) мемлекеттік университетінің профессоры Пол Тахистовтың барлық жас ғалымдарға, магистранттарға және докторанттарға, сонымен қатар барлығына: Ғалым ретінде беделді қалыптастыру тақырыбы бойынша дәрістер ұйымдастыру. 31.03.2022 ж. https://xt.auezov.edu.kz/rus/home-ru-ru/1016
- Нью-Джерси (Рутгерс, АҚШ) мемлекеттік университетінің профессоры Пол Тахистовтың барлық жас ғалымдарға, магистранттарға және докторанттарға, сонымен қатар барлығына келесі тақырыптарда дәрістер ұйымдастыру:
Нанотехнология негіздері (2 бөлім) 11 мамыр, сағат 15:00, I бөлім: Force Balance, Interfaces and Energy Transfer at Nanometer Scale : Нанометрлік масштабтағы күштер балансы, интерфейстер және энергияны тасымалдау.
- Нью-Джерси (Рутгерс, АҚШ) мемлекеттік университетінің профессоры Пол Тахистовтың барлық жас ғалымдарға, магистранттарға және докторанттарға, сонымен қатар барлығына келесі тақырыптарда дәрістер ұйымдастыру: 12 мамыр сағат 15:00, II бөлім: Нанобиотехнология, жеткізу жүйелері мен смарт биоматериалдарды жобалауға бетбұрыстар.
- Қазақстан мен АҚШ университеттері арасындағы ынтымақтастық бағдарламасының үйлестірушісі Мақсат Қошқарбаевтың «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебімен, стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор А.Т.Искакова, Халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры А.Т. Тұрымшаевамен кездесуін ұйымдастырылды. Кездесуде бағдарлама үйлестірушісі АҚШ пен Қазақстан әріптестік бағдарламасы туралы айтып берді, сонымен қатар COIL виртуалды алмасу, АҚШ елшілігінің English Language Fellow және English Language Specialist, Association of International Education Administrators (AIEA) және американдық ЖОО-мен байланыстарды кеңейту мүмкіндігі туралы ақпаратпен бөлісті.
- М.Әуезов атындағы ОҚУ, М.Өтемісов атындағы Западно-Қазақстан университеті және Нью-Джерси мемлекеттік университеті арасындағы бірлескен бағдарлама шеңберінде «Жасыл нанотехнологиялар және қоршаған ортаны зондтау саласында серіктестік бағдарламасын құру» тақырыбындағы жоба бойынша АҚШ-тың Нью-Джерси штатының Рутгерс мемлекеттік университеті делегациясының «Тамақ технологиясы» кафедрасы, Тамақ технологиясы саласындағы бизнес және ғылым бағдарламасының директоры, профессор Пол Тахистов; Нью-Джерси мемлекеттік университетінің халықаралық қатынастар жөніндегі деканының орынбасары Фрэнсис Элеонор Маргареттің М.Әуезов атындағы ОҚУ-не ресми сапары ұйымдастырылды. Мерзімі: 26-30 мамыр 2022 ж.
- Рутгерс университетінде ғылыми тағылымдамадан өту, АҚШ, Нью-Джерси, 8.08.-24.08.2022 жылғы кезеңдер аралығында (Муталиева Б.Ж.).
- Зерттеу нәтижелерін жариялау, конференцияларға қатысу.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының 2022 оқу жылындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша Scopus деректер қорының Q1, Q2, Q3 квартильдерінде-8 мақалалар, РИНЦ-1, ККСОН журналдарында -9, алыс және жақын шетел конференцияларының материалдарында-12, Қазақстан Республикасының халықаралық конференцияларында –37, Республикалық-76, патент, авторлық куәліктер -8, монография- 1.
По результатам НИР ППС кафедры за 2022 учебный год опубликовано 8 статей в журналах базы данных Скопус, квартиль Q1, Q2, Q3, РИНЦ-1, 9 – ККСОН, 12- в трудах конференций ближнего и дальнего зарубежья, 37- международные конференции РК, 76- республиканские, 8 патентов, авторских свид., 1 монография.
Патенттер- 8
- Абдуалиева А.К., Шынғысханқызы А., Муталиева Б.Ж., Сапарбекова А.А. Өсімдіктердің стимуляторлар мен биологиялық белсенді заттарды микрокапсуляциялау және олардың сапалық сипаттамаларын зерттеу. Авторское свидетельство № 25494 от «26» апреля 2022 года.
- Бабахан Т.А., Сарытай А.Қ., Абилдаева Р.А., Сапарбекғова А.А. Изучение технологии фиторемедиации почв, загрязненных тяжелыми металлами на территории Туркестанской области. Авторское свидетельство № 25501 от «26» апреля 2022 года.
- Отемисова А.А., Ахметовва Б.М., Абильдаева Р.А., Сапарбекова А.А. Разработка технологии получения эффективного комплекса микроорганизмов для гидролиза лигоноцеллюлозо содержащего сырья. Авторское свидетельство № 25431 от «25» апреля 2022 года.
- Эрметова Р.А., Ербак С.Е., Алибаев Н., Сапарбекова А.А. Экструдирование мясокостных отходов в комбинации с растительными кормовыми средствами и исследование их качественных показателей. Авторское свидетельство № 25456 от «26» апреля 2022 года.
- Способ создания однолетних пастбищ. Патент на полезную модель №7062 №17-29.04.2022. Серікққан А. Е., Қалымбетов Ғ. Е., Кедельбаев Б.Ш., Юсупов Ш., Елеманова Ж.Р., Лаханова К.М.
- Абдуллаева З.С. Уәлиханова А.Е., Абилдаева Р.А., Сапарбекова А.А. Жылыбай топырағында микроағзалардың басқарылатын биоценозын түзу мақсатында биопрепарат дайындау технологиясын жетілдіру. Авторлық куәлік.2022 жылғы «26» сәуір № 25435.
- Айтбек В.К., Абилдаева Р.А., Сапарбекова А.А.Тапинамбурды қанттандыру технологиясын әзірлеу және сахарамицеттерді өсірудің тиімді гидролизаттарын алу. Авторлық куәлік.2022 жылғы «26» сәуір № 25457.
6.Студенттік ұтқырлық
Қалибай Дана Абдікасымқызы 6В05120-Биотехнология білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік грант негізінде білім алушы 3 курстың ХТ-20-5к1 тобының студенті Алматы технологиялық университетіне 2022-2023 оқу жылының күзгі семестрі қыркүйектін 5-і мен қаңтардың 31-і аралығындағы мерзімге жоғары оқу орындары арасында өзара білім алмасу негізінде білім алу үшін жіберілді.
7.Тәжірибе
2022-2023 оқу жылында 6В05120–«Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша 1 курста - 56 студент, 2 курста -14 студент, 3 курста-35 студент, 4 курста- 45 студент білім алады.
Оқу жоспары мен 2022-2023 оқу жылының кестесіне сәйкес 6В05120 –«Биотехнология» білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушылары педагогикалық практикадан өтуге 23.01.2023-17.02.2023ж. аралығында төменде көрсетілген практика базаларына жіберілді.
2022-2023 оқу жылының оқу жоспары мен кестесіне сәйкес 6В05120–«Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша 4 курс білім алушыларын 06.03.2023 – 28.04.2023 ж аралығында диплом алды практикадан төменде көрсетілген практика базаларына жіберілді.
2022-2023 оқу жылының оқу жоспары мен кестесіне сәйкес 6В05120–«Биотехнология» білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушыларын 06.03.2023 – 28.04.2023 ж аралығында өндірістік практикадан төменде көрсетілген практика базаларына жіберілді.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз