6B07260 Тоқыма материалдарының технологиясы мен жобалануы
1.Лицензия
3.Білім беру бағдарламасы(ББ)
4.ОПҚ-ң еңбектері мен жобалары
«Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедрасының ғылыми зерттеу жұмысы
Қазіргі уақытта кафедрада 1 техника ғылымдарының кандидаты, 5 PhD, 3 магистр, аға оқытушылар мен оқытушылар жұмыс істейді.
ҒЗЖ нәтижелерін жариялау:
2024 жылы ҒЗЖ нәтижелері бойынша барлығы 70 ғылыми мақалалар мен еңбектер жарияланды. Оның ішінде: импакт-факторы бар журналдарда (РҒДИ) – 5.
ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті мақұлдаған журналдарда – 9.
Түрлі деңгейдегі ғылыми конференциялардың Еңбектер жинағында жарияланған мақалалар саны- 57.
Оның ішінде: ҚР халықаралық конференцияларында – 38. Студенттік конференцияларда – 19. Оқулықтар- 4, Оқу құралдары- 3, Өнертабысқа патенттер - 3. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері оқу процесіне, сондай-ақ өндіріске енгізіледі, бұл енгізу актілерімен расталады.
Кафедраның ғылыми бағыты
«Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедрасының ғылыми жұмысы келесі мемлекеттік бюджеттік тақырып бойынша жүргізілуде:
Б-16-05-15 «Инновациялық тоқыма. Пішіндеу және безендіру принциптері». Жетекшісі: PhD, Бектурсунова А.К.
Жұмыстың мақсаты-аталған қасиеттерді математикалық модельдеу және компьютерлік технологияларды енгізу негізінде тоқыма және жеңіл өнеркәсіп материалдарының функционалдық және пайдалану қасиеттерін сапалы бағалау критерийлері мен әдістерін әзірлеу.
-
функционалды түрде математикалық модельдеу және оңтайландыру әдістері
-
тоқыма және жеңіл өнеркәсіп материалдарының тұтыну және пайдалану қасиеттері;
-
релаксациялық-қалпына келтіру және
-
тоқыма және жеңіл өнеркәсіп материалдарының деформациялық-пайдалану сипаттамалары;
-
тоқыма және жеңіл өнеркәсіп материалдарының функционалдық-тұтынушылық және пайдалану қасиеттерін сапалы бағалау критерийлерін әзірлеу;
-
тоқыма және жеңіл өнеркәсіп материалдарының функционалдық-тұтынушылық және пайдалану қасиеттерін математикалық модельдеудің оңтайлы интегралды өлшемдерін әзірлеу;
-
тоқыма және жеңіл өнеркәсіп материалдарының релаксациялық-қалпына келтіру және деформациялық-пайдалану сипаттамаларын анықтау әдістерін компьютерлендіру;
Қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жобалары
2024 жылы «ТМТжЖ» кафедрасында ҒЖЗ бойынша 3 жоба бар.
1) PhD, аға оқытушы Туракулов Б.Б. АР15473325 «Тоқыма өнеркәсібі үшін техногендік қалдықтардан хромитті пигментерін алу мүмкіндігін зерттеу» жобасын ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бағдарламасы бойынша 01.11.2022-31.12.2024ж. ұтып алды.
Жалпы қаржылатылған сомасы 18 464 670 тенге.




2) ТМТжЖ кафедрасында қаржыландырылған 1 ҒЗТКЖ жобасы бар: Эразмус REILEAP Өзбекстан-Қазақстандағы былғары және былғары бұйымдарын өндіру бойынша университеттердің әлеуетін арттыру 618930-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP
Жоба серіктесі: М.Әуезов атындағы ОҚУ. Жоба менеджері: Елдияр Г.К.
REILEAP Қазақ Былғары Орталығының миссиясы – былғары өңдеу, былғары бұйымдары және аяқ киім материалдары салаларындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді ілгерілету және өнеркәсіпте және онымен байланысты салаларда жұмыс істейтіндерге ЕО тәжірибесімен оқытуды қамтамасыз ету.
REILEAP Қазақ Былғары Орталығының миссиясы – былғары өңдеу, былғары бұйымдары және аяқ киім материалдары салаларындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді ілгерілету және өнеркәсіпте және онымен байланысты салаларда жұмыс істейтіндерге ЕО тәжірибесімен оқытуды қамтамасыз ету.
Қаржыландырудың жалпы сомасы: 914 000 (тоғыз жүз он төрт мың) еуро


3) AP09260240 «Байланыс аймағында температураны реттеу мүмкіндігімен ағындардың құйынды өзара әрекеттесу әдісін әзірлеу және оның негізінде газ тазалау жүйелерін құру»
Қаржыландырудың жалпы сомасы: 41 199 922 теңге
Жетекші: А.Вольненко, орындаушы: А.А.Ешжанов
Кафедрамыздан 2025-2027 жылдарға арналған "Жас ғалым" жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурсына 2 жоба жіберіліп 1 жобаны жеңіп алды.
Сабырханова Салтанат Шалхарбаевна - АP22684790 «Жергілікті өсімдік сығындыларымен тоқыма және былғары бұйымдарын бояу технологиясын әзірлеу және оңтайландыру» тақырыбындағы жобасы жеңіске жетті.






М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеттің Басқарма төрағасы-ректор, Ғылыми кеңестің төрағасы Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы биыл оқу ордасында жас ғалымдардың зерттеулерін қаржыландыру мақсатында алғаш рет «Zhas galym» университетішілік конкурсы өтіп, жас ғалым грант иегері Сабырханова Салтанат Шалхарбаевнаға сертификат салтанатты түрде берілді.





5. Жетістіктер
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары
«Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедрасында білім алушылар әр жылы республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми конференцияларға қатысады. Пәндік олимпиада және ғылыми конференцияларға қатысу барысында білім алушылар І, ІІ, ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталуда, бұл олардың мамандықты жақсы меңгеріп жатқандығын және зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілетті екендігін білдіреді.
Соның ішінде өткізілетін Қазақстан Республикаларының жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өткізілетін пәндік олимпиадаларда
-
2020 жылы 23-24-сәуірінде өткізілген ХІІ Республикалық пәндік олимпиадасында Абдумуталипов Мейржан Куанышұлы ІІ дәрежелі дипломмен;
-
2021 жылы 08-09 сәуірінде өткізілген ХІІІ Республикалық пәндік олимпиадасында Жиенбаева Балхия Маратқызы ІІІ дәрежелі дипломмен;
-
2022 жылы 14-15 сәуір айында ХIV Республикалық пәндік олимпиадасында Изтай Нұрай Қансейтқызы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
-
2024 жылы 23-24 мамыр айында Республикалық пәндік олимпиадасында Тәжібай Дильназ Айтуғанқызы ІІІ дәрежелідипломымен марапатталды.
















2024 жылғы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған республикалық конкурсында «Текстиль материалдарының технологиясы және жобалануы» мамандығы бойынша М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенті Жолтай Айдана Азаматқызы «Орау машинасына «USTER QUANTIM» орнату арқылы бір тегіс сызықтық тығыздықтағы жоғары сапалы иірімжіпті алу әдісін зерттеу» тақырыбында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшіcі: Асанов Ермек.
2024 жылғы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған республикалық конкурсында «Текстиль материалдарының технологиясы және жобалануы» мамандығы бойынша М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенті Әмірәлі Гүлзат Өмірзаққызы «Сақиналы иірімжіптің құрылымдық құрылысын жақсарту жолмен оның сапасын жоғарлату технологиясын зерттеу» тақырыбында III дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі: Тогатаев Турабек.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің «Жаңа Қазақстанды құру – жастардың қолында» және «Жастар ғылымының даму векторлары» тақырыбындағы жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша 2023-2024жж. ХХVI, ХХVII республикалық студенттік ғылыми конференциясында студенттеріміз І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.






М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу Университетінің «Заманауи ғылым: Жас ғалымдардың жаңа тәсілдері мен қазіргі зерттеулері» тақырыбындағы жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша 2024-2025жж. ХХVIIІ республикалық студенттік ғылыми конференциясында студенттеріміз І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.





6. Өндірістік базасы
Кәсіптік практика жоғары дәрежелі мамандарды дайындаудағы оқу процесінің негізгі бөлігі болып табылады және кәсіпорындарда, мекемелерде, әр- түрлі қызмет саласындағы ұйымдарда және арнайы қызметі мен лауазымы, қажетті материалдық-техникалық базасы, құрал-жабдықтар мен ақпараттық технологиясы бар меншік түрлерінде жүргізіледі.
«Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедрасының білім алушылары практикасының түрлері:
оқу (оқу - танысу, экскурсиялық,);
1- өндірістік (технологиялық, өндірістік.);
2- өндірістік (технологиялық, өндірістік.);
-диплом алды.
-диплом алды.
Әр практиканың негізгі тапсырмасы және оның тағайындалуы, көмекші қызметкерлерге қойылған тапсырмаларды студентердің шешуіне мүмкіндік беру және орындалатын жұмысқа жауапты бола білу керек.
Өндірістік практика мақсаты студенттердің университетте алынған теориялық білімдерін нығайту және мамандығы бойынша практикалық жұмысқа үйрету.
Өндірістік базасы және болашақ жұмыс орындары:
-
«Бал Текстиль» ЖШС
-
«Назар-Текстиль» ЖШС
-
«Әлем БТ» ЖШС
-
«Azala cotton» ЖШС
-
«Textile grup kz» ЖШС
-
«Шымкент кашемир» ЖШС
-
«Бал декор» ЖШС
-
«Azala tekstile» ЖШС
-
«НИЦ Жаңа жоба» ЖШС
-
«Ақ Алтын» ЖШС
-
«BAER» ЖШС Тоқыма фабрикасы
-
«Оңтүстік былғары» ЖШС
-
«Туркестан Мақтасы» ЖШС
-
«Талапты» ЖШС











7. ОПҚ біліктілігін арттыру
8. Студенттік ұтқырлық
Туретай Сабина Далиханқызы 6В07260 - «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік грант негізінде білім алушы 3 курс, ЖТ-22-4дк тобының студенті «Students exchange» білім беру бағдарламасы бойынша Жизақ политехникалық институтының 2024-2025 оқу жылының көктемгі семестріне 2025 жылдың 24-ші ақпан айы мен 21-ші маусым айы аралығындағы мерзімге қашықтықтан білім алуға жіберілді.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз