2022-2023 оқу жылында Астана қаласында «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына жолдауын білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Жылдың үздік педагогы» атты республикалық байқауына кафедраның аға оқытушысы, ҚР «Білім беру ісінің үздігі» Рамшад Садықұлы Абжалов қатысып, І дәрежелі дипломмен және «Жылдың үздік педагогы» атты төсбелгісімен марапатталды.