6B07311 Қала құрылысы
2.Білім беру бағдарламасы(ББ)
3.Жетістіктер
«Сәулет» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы халықаралық, республикалық байқауларға белсенді қатысады. жеңімпаздардың көшбасшылары болып табылады.
4.ОПҚ біліктілігін арттыру
«Сәулет» кафедрасы өзінің профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.
5.ОПҚ-ң еңбектері мен жобалары
«Сәулет» кафедрасының меңгерушісі Анарбаев Е.А. оқытушы Мейірманов М.С. Л.Н. Еуразия ұлттық университетінің базасында өткізілген Республикалық студенттік пәндік олимпиаданы ұйымдастырды.
6.Студенттердің ұтқырлығы
Ғаппаров Нұрбақыт 2021-2022 оқу жылында Ресей халықтар достығы университетінде академиялық ұтқырлық бойынша оқыды, Мәскеу қ.
7.Практика
"Сәулет" кафедрасының практикасы
"Қала құрылысы" білім беру бағдарламасы бойынша "Сәулет" кафедрасында 1-5 курс студенттеріне практика өткізіледі.
- Бірінші курс студенттеріне оқу (плэнерлік) практика өткізіледі. Онда студенттер қала ішіндегі саябақтардың суретін салады.
- Екінші курс студенттеріне өлшеу практикасы өткізіледі. Онда студенттер сәулеттік ескерткіштерді өлшеп сызады.
- Үшінші курс студенттеріне бірінші өндірістік практикасы өткізіледі. Онда студенттер құрылыс процессімен танысады және жобалаудың алғышарттарын үйренеді.
- Төртінші курс студенттеріне екінші өндірістік практикасы өткізіледі. Онда студенттер ғимараттар мен имараттарды жобалауды жалғастырады.
- Бесінші курс студенттеріне дипломалды практикасы өткізіледі. Онда студенттер дипломдық жобаға қажетті барлық ақпараттарды алады.
- «Модерн-проект» ЖШС, Шымкент қаласы.
- «Купол» ЖШС, Шымкент қаласы.
- «Атриум-АС» ЖШС, Шымкент қаласы.
- «Таң-1» ЖШС, Шымкент қаласы.
- «Сани» ЖШС, Шымкент қаласы.
- және т.б.
Студенттердің практикадан өтуі
Оқу практикасы 2020 ж.
Өлшеу практикасы Қарашаш-ана кесенесі 2020 ж.
Бірінші өндірістік практика 2020 ж.
Екінші өндірістік практика 2020 ж.
Дипломалды практика 2020 ж.
8.Академиялық ұтқырлық
«Сәулет» кафедрасының меңгерушісі Анарбаев Е.А. 2022 жылдың 24 қарашасы мен 26 қарашасы аралығында Ферғана политехникалық университетінің (Өзбекстан) «Сәулет» кафедрасында «Сәулет дизайны» пәні бойынша 18 сағат көлемінде дәріс оқыды.
Анарбаев Е.А. 2021 жылдың 19 ақпанынан бастап 2021 жылдың 17 наурызына дейін Мемлекеттік жерге орналастыру университетінде (Мәскеу, Ресей Федерациясы) ғылыми тағылымдамадан өтті.
Анарбаев Е.А. 2022 жылғы 6 маусым мен 4 шілде аралығында 144 сағат көлемінде Куляб қаласындағы (Ресей) Технологиялар және инновациялық менеджмент институтында «Сәндік интерьер дизайны» ғылыми тағылымдамадан өтті.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз