7M07320 Құрылыс
2020-2021 жылында «Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялар технологиясы» кафедрасының ғылыми мақалалар саны- 70 , Импакт-фактор мақалары 5 және SCOPUS - 10 (2018-2021), ЖАК ғылыми журналға мақалалардың жинағы - 5, конференцияларда- 30, оның ішінде ҚР Халықаралық конференцияларында - 10, Республикалық - 17 , аймақтық конференцияларда - 43 мақала жарияланған.
Кафедра доценті Қамбаров М.А ҚР Тәуелсіздік күніне орай Қоғамдық ұйым "Білім және Ғылым" қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төсбелгісімен марапатталады.
"Bilim Orkenieti" ұлттық инновациялық ғылым-зерттеу орталығының ұйымдастырылуымен өткен "Үздік ғылым кандидаты - 2020" конкурсына қатысып, төсбелгі және куәлік иеленді. (Рысдаулетов Р.А., Қамбаров М.А)
2020 жылы кафедра доценті Рысдаулетов Райымберді Аманович ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің жариялаған "ЖОО Үздік оқытушысы" конкурсына қатысып, жеңімпаз атанды.
ҚР Білім және Ғылым Министрлігі Ғылым комитетінің 2018-2020 жылдарға ғылыми немесе ғылыми-техникалық жұмыстарды гранттық қаржыландыру бойынша 2 ғылыми жоба орындады.
1. "Ғимараттың жылу қорғау деңгейін арттыру үшін жылу шағылдырғыш жабындары бар тиімді жылытқыштарды қолдана отырып, энергия үнемдегіш конструкцияларды зерттеу және әзірлеу" - техника ғылымдарының кандидаты, доцент Рысдаулетов Р.А.
2. "Жоғары жылу тиімділігі бар тұрғын үйлердің сыртқы қоршауларының энергия белсенді құрылымдарын әзірлеу және ғылыми негіздеу" - жауапты орындаушы техника ғылымдарының кандидаты, доцент Қамбаров М.А.
Ғылыми жобалардың орындалу мерзімі 2018 - 2020 жылдарға жоспары түзілді және күнтізбелік жоспарға сәйкес орындалды. Жобалардың орындалу мерзімі аяқталуына байланысты толық аяқталған жұмыс нәтижелері негізінде 3 жыл бойынша қорытынды есеп түзіліп ҒТА ҰО тапсырылды және сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды.
Сонымен қатар кафедраның меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Көпжасаров Бахадыр Тастанбекұлы еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және жаңа буын мамандарды дайындаудағы ерен еңбегі үшін А.Байтұрсынов атындағы алтын медальмен марапатталды.