7M11120 Мәдени-тынығу жұмысы
"Білім беру ісінің үздігі -2023" республикалық байқауға ҚР бойынша 6856 білім беру саласында қызмет жасайтын педагогтар қатысып, 769 қатысушы жеңімпаз атанды.
М.Әуезов атындағы ОҚУ, "Мәдени және әлеуметтік жұмысы" кафедрасының доценті, п.ғ.к, Жолдасбекова Қарлығаш Әбдіманатқызы "Білім беру ісінің үздігі"наградаларының жеңімпазы атанып, төсбелгісімен марапатталды
Біліктілікті арттыру – мұғалімнің өз қызметін нәтижелі атқаруы үшін және кәсіби деңгейін көтеру мақсатында арнайы оқу бағдарламалары арқылы оқыту, кәсіби даму іс-шараларына қатыстыру және өз білімін көтеруі болып табылады. Біліктілікті арттыру – оқыту және оқыту сапасын арттыру үшін жаңа білім алуға, сондай-ақ бұрын алған кәсіби білімдерін, біліктерін, дағдылары мен құзыреттерін қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны.
Осыған сәйкес, Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы жыл сайын жоспарға сәйкес біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
Академиялық ұтқырлық – білім алушылардың (студент, магистрант) немесе оқытушы-зерттеушінің нақты бір академиялық мерзімге (оқу және өндірістік сараманнан өтуімен бірге, 1 семестрден кем емес) басқа ЖОО-ға (шетелдік, қазақстандық) барып білім алу немесе зерттеу жүргізуі.
“Мәдени және әлеуметтік жұмыс” кафедрасының магистранттары академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Турция елінде таңдалған кәсіби бағыт бойынша жан-жақты білім алып, оқу пәндерін нәтижелі меңгеріп келді.