7M02211 Философия
"Философия" кафедрасы жоспарлы оқу, әдістемелік және ғылыми қызметін белсенді жүргізіп отырады. Кафедра ПОҚ кәсіби қызметтері үшін бірнеше рет Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен және дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, бір қатар авторлық құқықтарға ие.
Филос.ғ.к., доцент Спанов М.Ж., филос.ғ.к., доцент Ибраева Н.А. – М. Әуезовтің төсбелгісімен, филос.ғ.к., доцент Есиркепова Г. К. – "Кеменгер ұстаз" медалімен, филос.ғ.к., доцент Арынғазиева Б.Б. – алғыс хаттармен, грамоталарымен, филос.ғ.к., доцент Жиенбекова А.А. – ҚР Ғылым және Жоғары білім министрінің "Білім үздігі" төсбелгісімен, басқа да грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталған.

Кафедра ұжымы гуманитарлық және жалпы білім беру ғылымдарының түрлі мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді, халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға, форумдарға, дөңгелек үстелдерге қатысады.
Кафедра 2024 жылдың қазан айында ғалым Т.А. Сүлейменовтың 70 жылдығы мен еске алуына арналған "Әділ Қазақстанның қалыптасуы контекстіндегі "Адал адам" парадигмасының мәні" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастырып, өткізді. 2024 жылғы желтоқсан айында «Заң» факультеті ұйымдастырған "Қазақстандық қоғам дамуының заманауи мәселелері: әлеуметтік-саяси және құқықтық аспектілері" ғылыми-практикалық конференциясына және басқа да түрлі ғылыми іс-шараларда белсенді қатысуда.
Кафедраның ПОҚ қоғамның рухани, діни, мәдени өмірі тақырыптарында түрлі қалалық, облыстық теле және радио хабарларына қатысады.
