6B01730 Шетел тілі: екі шетел тілі
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
6В01730 «Шетел тілі: екі шетел тілі» |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
6В01 – Педагогикалық ғылымдар |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
6В017 – Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
В018 – Шет тілі мұғалімдерін даярлау |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс, ағылшын |
БББ көлемі |
240 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Оқыту мен тәрбиелеуде кәсіптік құндылықтар мен көшбасшылық қасиеттерге ие жалпы білім беретін мектептер үшін шет тілдерінің педагогтерін даярлау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
«білім бакалавры» |
Кәсіби қызмет саласы |
* әкімшілік-басқару саласы; * Білім және ғылым саласы; * мәдениет және мәдениетаралық коммуникация саласы; * халықаралық байланыстар саласы; * баспа саласы; * бұқаралық ақпарат құралдары саласы; * ақпараттық-аналитикалық сала. |
Оқыту нәтижелері |
ОН1 Академиялық жазу және академиялық адалдық мәдениеті қағидаттарын ескере отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс, ағылшын және екінші шет тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау; ОН2 Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсету; ОН3 Ақпараттық және есептеу сауаттылығына, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау қабілетіне ие болу; ОН4 Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың тиісті әдістемелері мен құралдарын айқындай отырып, білім алушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жоспарлар жасау және сабақтар өткізу; ОН5 Ағылшын тілінде және екінші шет тілінде ауызша және жазбаша академиялық қарым-қатынасқа тән грамматикалық құрылымдарды қолдана отырып, CEFR (HSK)бойынша қажетті деңгейден төмен емес дұрыс және дәлелді мәлімдемелер жасау; ОН6 Білім алушылардың мінез-құлқын басқару, олардың оқу-танымдық қызметін ынталандыру, тәрбие жұмысының әдістемелерін, тәрбиенің қазіргі заманғы тұжырымдамаларын пайдалану және білім алушылардың салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу; ОН7 IELTS, TOEFL дайындық курстары үшін арнайы бағдарламалар жасау және іске асыру; ОН8 Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ағылшын және екінші шет тілі бойынша оқу материалдарын, лингводидактикалық оқу және бағалау материалдарын әзірлеу; ОН9 Әр түрлі әлеуметтік және оқу жағдайларында оңтайлы шешімдерді табу, кәсіби қарым-қатынас процесінде әр түрлі жастағы және әлеуметтік топтарда қарым-қатынас пен өзара әрекеттесуді педагогикалық тұрғыдан сауатты құру; ОН10 Белгісіздік жағдайында зерттеу, кәсіпкерлік және жұмыс дағдыларын қолдану; ОН11 Кәсіби үздіксіз білім беруді ресми, бейресми және ақпараттық нысандарда жоспарлау арқылы жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу. |