6B11410 Әлеуметтік жұмыс

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В11410 Әлеуметтік жұмыс

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В11 Қызмет көрсету

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В114 Әлеуметтік жұмыс

 

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В090 Әлеуметтік жұмыс

Оқыту тілі

қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Іргелі теориялық білім мен инновациялық технологияларды пайдалана отырып, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қолдау жөніндегі қызметті тиімді жүзеге асыруға қабілетті басқару органдары мен әлеуметтік жұмыс мекемелері үшін жоғары білікті кадрлар даярлау.

Берілетін дәреженің аталуы

Қызмет көрсету саласының бакалавры

Кәсіби қызмет саласы

Кәсіби қызмет саласыда тұрғындарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамтамасыз ету; білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, медициналық және әлеуметтік сараптама; пенитенциарлық жүйе және жұмыспен қамту, көші-қон, төтенше жағдайларға жәрдемдесуді реттейтін ұйымдар жүйесі; әртүрлі қызмет түрлері мен меншік нысандары, коммерциялық емес ұйымдар  саласы болып табылады.

Оқыту нәтижелері

ОН 1 - Академиялық жазу және адалдық принциптері мен мәдениетін түсіне отырып, қоғамда және кәсіби ортада мемлекеттік тілде, орыс және шетел тілдерінде еркін қарым-қатынас жасай алады.

ОН 2 - Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті академиялық адалдық пен парасаттылықты қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды, ғылыми және эксперименттік зерттеулердің әдістерін көрсетеді.

ОН 3 - Ақпараттық сауаттылыққа және цифрлық дағдыларға; ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған жетудің жолдарын таңдау мүмкіндігіне ие болады.

ОН 4 - Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологияларын қолданып, басқару және ұйымдастырушылық жұмыстың практикалық дағдыларына ие бола отырып, төтенше және жанжалды жағдайларда халықтың әртүрлі топтары мен жекелеген азаматтардың жағдайы мен мінез-құлқына кешенді әсер ете алады.

ОН 5 - Әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсету шараларындағы әлеуметтік тәуекелдерді болжау және алдын алу шараларын жүзеге асыруға дайындығын көрсете отырып, азаматтардың жеке қажеттіліктерін талдау және жағдайларды бағалау негізінде әлеуметтік жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлей алады.

ОН 6 -  Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға ықпал етудің  жұмыс жоспарын құру және мониторинг жүргізу үшін әлеуметтік сүйемелдеу бойынша практикалық мақсаттарға қол жеткізеді.

ОН 7 - Заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сүйене отырып, клиенттердің әлеуметтік қызметтерінің қажеттіліктері мен талаптарын бағалау арқылы әлеуметтік қызметтер мен қорғауды қамтамасыз ете алады.

ОН 8 - Әлеуметтік қызметтер нарығын қалыптастыру және дамыту, әлеуметтік проблемаларға назар аудару, әлеуметтік жұмыс пен оны жүзеге асыратын мамандардың оң имиджін қалыптастыру мақсатында маркетингтік технологияларды қолдана алады.

ОН 9 - Өз білімін жетілдіру және салауатты өмір салтын ұстану,  командада жұмыс істей білу дағдыларын көрсетеді.

ОН 10 - Әлеуметтік мәселелерді шешуге, ғылыми-педагогикалық және әлеуметтік білімдерді әлеуметтік, практикалық және тәрбиелік қызметте қолдануға бағытталған тренингтер өткізе алады.

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.