6B02310 Филология: қазақ тілі
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
6В02310 – «Филология: қазақ тілі»
|
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
6B023 Тілдер және әдебиет |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
В037 Филология |
Оқыту тілі |
Қазақ |
БББ көлемі |
240 |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Қазіргі қазақ филологиясы бағыты бойынша іргелі білімге ие, алған білімдерін ғылыми-практикалық, зерттеушілік және редакциялық қызметінде қолдана алатын бакалаврлар дайындау |
Берілетін дәреженің аталуы |
тіл білімі бакалавры |
Кәсіби қызмет саласы |
- филология, тіл білімі және әдебиеттану; - қазақ тілі мен әдебиетін оқыту; - бұқаралық қарым-қатынас саласы |
Оқыту нәтижелері |
ОН1 Кәсіби ортада және социумда академиялық жазу ережелерін қолдана отырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сұхбаттаса алу. ОН2 Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, академиялық адалдық пен парасаттылықты қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды, ғылыми және эксперименттік зерттеулердің әдістерін көрсету. ОН3 Ақпараттық және есептеу сауаттылығы болуы тиіс, ақпараттарды жалпылау, талдау және қабылдай алу, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдай білу. ОН4 Кәсіби сөйлеу мәдениетін игергендігін және қазақ лингвистика мен әдебиеттанудың негізгі теориялық түсініктемелері бойынша алған озық мамандандырылған құзыреттіліктерін көрсету; кәсіби қызметтерінде және жеке зерттеу жұмыстарында өз беттерінше шешімдер қабылдау. ОН5 Кәсіптік оқытудың педагогикалық технологияларын, қолданыстағы әдістемелік материалдарды, педагогикалық қызметтің оң тәжірибесін зерделеу және талдау. ОН6 Қазақ әдеби тілінің нормаларын, функционалдық сөйлеу стилінің жүйесін практикада қолдану дағдыларын меңгеру: дәйектеу және көркем шығармаларды мәнерлі оқу, ежелгі түркі ескерткіштеріндегі мәтіндерді түсіну және талдау. ОН7 Аргументтерді қалыптастыру және қазақ лингвистикасы мен әдебиеттану салаларындағы мәселелерді шешу. ОН8 Ақпарат жинау, ақпаратты түсіндіру және ғылыми материалдарды дайындау, филология ғылымы саласындағы нәтижелерді өңдеу, пәнаралық тәсілдерді қолдану. ОН9 Нақты бір тақырып немесе бағыт бойынша БАҚ материалдарын дайындау үшін ақпаратты құрылымдау, редакциялық саясатты ескере отырып материалдарды талдау; таңдаулар, сұхбаттар, жазбалар, түсініктемелер, жарияланымдар жасау. ОН10 Мәдени ойлау қабілетін көрсете отырып, ақпараттарды жинақтау, талдау. ОН11 Зерттеу, кәсіпкерлік дағдыларын пайдалану және белгісіздік жағдайында жұмыс жасау дағдысы болу. ОН12 Жеке түрде және команданың мүшесі ретінде тиімді жұмыс жасау, өзін-өзі тәрбиелеу және салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын көрсету. |