7M11120 Мәдени-тынығу жұмысы
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
7М11120 Мәдени-тынығу жұмысы |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
7М11 Қызмет көрсету |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
7М111 – Қызмет көрсету саласы |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
М148 Тынығу |
Оқыту тілі |
қазақ, орыс, ағылшын |
БББ көлемі |
120 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Мәдени-тынығу саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлауда қоғамның және еңбек нарығының қазіргі және келешектегі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін идеологиялық және мінез-құлық аспектілерінің бірлігі бойынша магистранттардың жеке және кәсіби құндылықтарын дамыту. |
Берілетін дәреженің аталуы |
Ғылым магистрі |
Кәсіби қызмет саласы |
7М11120- Мәдени-тынығу жұмысы білім беру бағдарламасының магистрлердің кәсіби қызметі мәдени-тынығу ұйымдарында жүзеге асырылады; театрлар, музыкалық және би топтары, концерттік ұйымдар, цирктер; мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту жүйесі; бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім; балаларға қосымша білім беру: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ғылыми-педагогикалық ұйымдары болып табылады. |
Оқыту нәтижелері |
ОН 1 - Негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық мәселелерді талдау, ғылым философиясының ережелері мен категорияларына негізделген әртүрлі фактілер мен құбылыстарды бағалау. ОН 2 -Мәдениетаралық өзара әрекеттесу үрдісінде мәдениеттердің әртүрлілігін талдау және ескеру, көптілді қоғамда коммуникацияны құра білу ОН 3 – Психология біліміне сүйене отырып, өз қызметінің басымдықтарын және оларды жетілдіру жолдарын анықтау және іске асыру. ОН 4 – Мәдениет және тынығу индустриясы саласында әлеуметтік-мәдени жобалау саласында зерттеу және жобалау, кәсіпкерлік жұмыстарды ұйымдастыру. ОН 5- Мәдениет мекемелерінің, рекреациялық объектілердің және бос уақыт индустриясының қызметі процесінде халықтық дәстүрлер мен көркем шығармашылықты насихаттауды жүзеге асыру. ОН 6 - Ғылыми-зерттеу жобаларында мәдени-тынығу саласы мекемелерінің озық тәжірибесі мен ғылымның заманауи жетістіктерін пайдалану.ОН 7 – Мәдениет мекемелерінің өндірістік қызметін жетілдіру, әлеуметтік-мәдени қызметке қатысушылардың тұлғалық өсу үрдістерін оңтайландыру міндеттеріне байланысты әлеуметтанулық және педагогикалық зерттеулер жүргізу; ОН 8 – Мәдени-тынығу бағдарламаларын әзірлеу мен басқаруда заманауи инновациялық технологияларды пайдалану дағдыларын меңгеру. ОН 9-Әлеуметтік-мәдени сала мекемелерінің мәдени қызметтерінің инновациялық маркетинг жүйесін қалыптастыру, мәдени-тынығу жұмысы саласындағы имидждік жобаларды әзірлеу. ОН 10 - Пәндердің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу, жоғары мектеп мұғалімінің еңбегінің ғылыми ұйымдастырылуын сыни бағалау, педагогикалық құбылыстардың табиғатын талдау. |