6B11110 Туризм
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
6В11110-Туризм
|
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
6В11 Қызмет көрсету |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
6В111 Қызмет көрсету саласы |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
В091 Туризм |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс |
БББ көлемі |
240 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Туризм индустриясының глобализациясы мен цифрландыру шеңберінде туризм және қонақжайлылық индустриясын жетілдіруге бағытталған кәсіптік қызметті жүзеге асыруға қабілетті қызметтер саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау |
Берілетін дәреженің аталуы |
Қызмет көрсету саласының бакалавры |
Кәсіби қызмет саласы |
- Туристік бизнесін ұйымдастырумен байланысты мемлекеттік органдар (министрліктер, әкімдіктер, олардың аймақтық бөлімшелері мен құрылымдары); - Туристік бизнесімен айналысатын мемлекеттік және жеке компаниялар; - қызмет көрсету саласы, туризм индустриясын ұйымдастырумен байланысты кәсіпорындар (мейрамханалар, қонақ үйлер және басқа құрылымдар); - туристік қызметті дамыту проблемаларын зерттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу ұйымдары; - туризм саласындағы орта буын мамандарын даярлайтын оқу орындары; - ішкі және сыртқы нарыққа туристік қызметтерді жылжытумен айналысатын жарнама агенттіктері; -ақпараттық ресурстар мен жүйелер, автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен олардың технологияларын қамтамасыз ету құралдары және т. б. |
Оқыту нәтижелері |
OН1- Ақпараттық және есептеу сауаттылығына, рухани және әлеуметтік жауапкершілікке, цифрлық технологияларға негізделген ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін игеру. OН2- Азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсету. ОН3- Іскерлік келіссөздер жүргізеді және академиялық жазу қағидаттары мен академиялық адалдық мәдениетін ескере отырып, мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде құжат айналымын жүзеге асырады. ОН 4- Туристік индустрия талаптарына сәйкес келетін жаңа туристік жобаларды әзірлеп, халықаралық классификация мен маусымдылықты ескере отырып , жобалаудағы басым бағыттарды анықтай алады. OН5- Қонақүй және мейрамхана бизнесінің негізгі технологиялық процестерін заманауи Интернет технологиялары негізінде жүзеге асыру үшін қонақжайлылық индустриясының қазіргі жағдайы мен ерекшеліктерін бағалайды. OН6- Отандық және шетелдік нарықтарда туристік дестинациялар брендтерін орналастыру мен жылжытуда туристік қызметтерді топтастыру кезінде маркетингтік құралдарды қолданады. ОН7- Әлемдік және отандық көлік логистикасының ағымдағы жай-күйін талдауды ескере отырып, туристік маршруттарды әзірлейді. OН8- Инновациялық технологиялар негізінде туристік индустрия тұтынушыларына қызмет көрсету кезінде тәуекелдерді басқару және азайту. OН9- Ғылыми зерттеу әдістерін меңгеру және олардың нәтижелерін кәсіпорынның рентабельділік деңгейін арттыруға әсер ететін практикалық туристік қызметте қолдану. ОН10- Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық және заңнамалық актілері, халықаралық стандарттар негізінде туристік тасымалдардың барлық түрлерінің қауіпсіздігіне талдау жүргізеді және оларды туристік өнімнің өмірлік циклінің әртүрлі кезеңдерінде көрсетілетін қызметтердің сапасын басқарудың заманауи жүйелерін енгізу үшін қолданады. OН11- Қонақүй және туристік бизнесте жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы, мүдделі туристермен кері байланыс жасай отырып, брондау және резервтеу әдістерін қолданады. ОН12- Туризм және қонақжайлылық саласында өз бизнесін дамытады, командада жұмыс істеу, білімді жетілдіру және салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын көрсетеді. |