6B02330 Шетел филологиясы
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
6В02330 «Шетел филологиясы» |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
6В02 – Өнер және гуманитарлық ғылымдар |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
6В023 – Тілдер және әдебиет |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
В036 – Аударма ісі |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс, ағылшын |
БББ көлемі |
240 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Тіл білімі және мәдениетаралық коммуникация саласындағы тәжірибелік дағдылар мен кәсіби құзыреттілікке ие жоғары білікті бакалаврларды дайындау |
Берілетін дәреженің аталуы |
тіл білімі бакалавры |
Кәсіби қызмет саласы |
Кәсіби қызмет саласы лингвистика және филологиялық білім саласы болып табылады |
Оқыту нәтижелері |
ОН1 Академиялық жазу принциптері мен академиялық адалдық мәдениетін ескере отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасай алу. ОН2 Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, академиялық адалдық пен парасаттылықты қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдение, кәсіби дамуды, ғылыми және эксперименттік зерттеулердің әдістерін көрсету. ОН3 Тіл білімін зерттеуде ақпараттық және есептік сауаттылығына ие болу, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау қабілеттерін меңгеру. ОН4 Тіл білімінің жаңа салаларындағы негізгі теориялар мен концепцияларды салыстыра отырып, лингвистика теориясы мен лингводидактика саласындағы заманауи зерттеулердегі жаңалықтарды талдау; ОН5 Оқытылатын тіл елінің әдебиеті тарихындағы негізгі кезеңдерін, бағыттарын, мектептерін, өкілдерін ажырата отырып, оқытылатын тіл елінің әдебиет теориясына сыни тұрғыдан талдау жасау. ОН6 Оқытылатын тілде әртүрлі типтегі мәтіндерді құру, сондай-ақ оқытылатын тілде мәтіндермен түрлі редакциялық жұмыстарды орындау: түзету, өңдеу, түсініктеме беру, қорытындылау, ақпарат және сөздік сипаттамасы, библиографиялық іздеу. ОН7 Оқытылатын тілдің дамуына ықпал ететін әлеуметтік және ғылыми жобалар жасау. ОН 8 Қолданыстағы әдістерге сүйене отырып, әртүрлі типтегі және жанрдағы мәтіндерді түсіндіре отырып, күрделілігі әртүрлі мәтіндерге филологиялық талдау жасау. ОН9 Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды ескере отырып және оқытылатын шет тілін меңгерудің объективті заңдылықтары негізінде оқу-тәрбие педагогикалық процесін жүзеге асыру. ОН10 Сөйлеуде оқытылатын тілдегі әдеби тіл нормаларын, ауызша және жазбаша қарым-қатынас түрлерінің негізгі әдістері мен тәсілдерін қолдану (тілді меңгерудің жалпы еуропалық стандартының нормаларына сәйкес С1 деңгейі). ОН11 Зерттеу, кәсіпкерлік дағдылары мен белгісіздік жағдайында жұмыс істей алу қабілетін меңгеру. ОН12 Жеке тұлға ретінде және топ мүшесі ретінде нәтижелі жұмыс жасай алу, өз көзқарасын дұрыс қорғау, өз іс-әрекетін түзеу және түрлі әдістерді қолдана алу. |