8D01503 Информатика
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
8D01503 Информатика |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
8D01 Педагогикалық ғылымдар |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
8D015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
D012 Информатика педагогтерін даярлау |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс |
БББ көлемі |
180 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
|
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
|
БББ мақсаты |
IT-технологиялар және білім беруді ақпараттандыру саласындағы білім шекарасын кеңейтуге өзіндік ерекше зерттеулермен үлес қосуға қабілетті жоғары білікті, бәсекеге қабілетті және кәсіби - мобильді PhD докторын дайындау |
Берілетін дәреженің аталуы |
PhD философия докторы |
Кәсіби қызмет саласы |
· Ғылым және білім; · Информатика; · IT-технологиялар және білім беруді ақпараттандыру саласында; · ЖОО оқытушы |
Оқыту нәтижелері |
OН1. Шетел тілін тұлғааралық қарым-қатынаста, кәсіби қызметінде білу, ғылыми мақалаларды жазу ОН2. IT-технологиялар саласындағы әртүрлі теориялық тұжырымдамаларды зерттеу, жоспарлау және іске асыру, талдау, бағалау және салыстыру OН3. Түрлі көздерден алынған ақпаратты өңдеу және талдау, өздерінің жаңа ғылыми идеяларын қалыптастыру, өздерінің білімін және идеяларын ғылыми қоғамдастыққа жеткізу, информатика саласындағы ғылыми білімнің шекарасын кеңейту. OН4. Заманауи зерттеу әдіснамасын таңдап және тиімді қолдану, болашақ кәсіби дамуды жоспарлау және болжау. OН5. Информатика саласының жүйелі түсінігін, ақпараттық технологиялар саласында қолданылатын дағдылар мен зерттеу әдістерін білу дағдыларын көрсету. OН6. Қазіргі заманғы білім беру және ақпараттық технологияларды қолданумен кәсіби проблемаларды шешу, ең жақсы нәтижелерге жету үшін компьютерлік білім берудегі заманауи тәсілдерді енгізу. OН7. Компьютерлік желілер мен мультимедиялық технологиялардың даму тенденцияларын, Интернетке қосымшаларды жасау технологияларын, электрондық білім беру ресурстарын дамыту технологияларын білу. OН8. Жаратылыстану және педагогикалық ғылымдар саласындағы теориялық және тәжірибелік зерттеулердің, ғылыми жария сөз сөйлеудің және кәсіби қызметте қолданудың дағдыларын меңгеру. |