6B04210 Құқықтану

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В04210 «Құқықтану»

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В04 Бизнес, басқару және құқық

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В042 Құқық

Білімберу бағдарламаларының (БББ) тобы

В049 Құқық

Оқыту тілі

Қазақ, орыс

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

 

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

 

БББ мақсаты

кәсіби құзіретке ие, құқық қорғау және құқықты қолдану қызметін жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті құқық бакалаврларын даярлау.

Берілетін дәреженің аталуы

құқық бакалавры

Кәсіби қызмет саласы

Мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың құқықтық салада туындайтын заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, қамтамасыз ету, сақтау кепілдігі

Оқыту нәтижелері

ОН 1 Академиялық жазу және академиялық адалдық мәдениеті қағидаттарын ескере отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және шет тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау.

ОН 2 Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсету.

ОН 3 Ақпараттық және есептеу сауаттылығын, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау қабілетін көрсету.

ОН 4 Құқықтық ұғымдар мен түсініктерді ажырату, білімдердің біртұтас жүйесіндегі құқықтық және процессуалдық құбылыстар мен құқықты іске асырудағы олардың мәнінің өзара байланысы мен сипатын бағалау.

ОН 5 Қылмыстық-азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізу саласындағы қызмет үшін қажетті құқықтың әртүрлі салаларының нормаларын түсіндіру, кәсіби қызметтің міндеттерін іске асырумен байланысты проблемаларды шешудің оңтайлы жолдарын зерттеу және бағалау.

ОН 6 Салалық заңнаманың жай-күйін талдау, заңнаманың новеллаларын түсіндіру, коллизияларды, олқылықтарды, нормативтік құқықтық актілердегі сәйкессіздіктерді анықтау, оларды түсіндіру.

ОН 7 Қолданыстағы заңнаманы және өзге де құқықтық актілерді қолдана отырып, оларды қылмыстық-азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізу саласындағы нақты жағдайларға қолданудың құқықтық салдарын болжай отырып, құқық бұзушылықтарды, басқа да заңдық фактілер мен мән-жайларды саралау.

ОН 8 Қылмыстық-құқықтық, қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқару нормаларының құрылымы мен түрін анықтау, олардың қылмыстық сот ісін жүргізу саласында қолданылуын түсіндіру және бағалау.

ОН 9 Азаматтық-құқықтық, азаматтық-процестік, азаматтық-атқару нормаларының құрылымы мен түрін анықтау, олардың азаматтық сот ісін жүргізу саласында қолданылуын түсіндіру және бағалау.

ОН 10 Құқықтық жүйенің жұмыс істеу ерекшеліктерін және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік механизмін және олардың кәсіби қызметте құқықты іске асыру үшін қолданылуын талдау.

ОН 11 Зерттеушілік, кәсіпкерлік дағдылармен белгісіздік жағдайындағы жұмыс жасау дағдыларын іске асыру.

ОН 12 Жеке және командада тиімді жұмыс жасау, шешім қабылдауда икемділікпен дербестік таныту, дене дайындығы мен денені дамыту жолымен әлеуметтік бейімделу.

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.