6B01541 Химия-Биология

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В01541–Химия-Биология

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В01 Педагогикалық ғылымдар

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В015 –  Жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша мұғалімдер дайындау

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

Химия және биология мұғалімдерін дайындау

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

 

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

 

БББ мақсаты

Оқытудың инновациялық технологияларын қабылдап, қолдануға, білім мекемелеріндегі оқушылардың зияткерлік, әдеп-ғұрыптық және шығармашылық дамуын қалыптастыруға қабілетті химия және биология білім салаларында біліктілігі жоғары, әрі бәсекеге қабілетті бакалаврлар дайындау.

Берілетін дәреженің аталуы

Білім бакалавры

Кәсіби қызмет саласы

- білім беру саласы.

Оқыту нәтижелері

ОН 1. Академиялық жазу мен адалдық қағидаларын түсінумен кәсіби ортада және қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі социумда еркін қарым-қатынас жасау.

ОН 2. Оқу жетістіктерін бағалаудың құралдары мен сәйкес оқыту әдістемелерін анықтай отырып білім алушылардың ерекшеліктері мен сұраныстары есебімен жоспарлар құру және сабақтар жүргізу.

ОН 3. Ақпараттық және есептеу сауаттылығын меңгере отырып, ақпаратты талдау.

ОН 4. Химия заңдары мен теориялары негізінде химиялық процестер жүруінің негізгі заңдылықтарын түсіндіру.

ОН 5. Биологияның концепциялары, әдістері мен даму бастамалары негізінде тірі жүйелердің тіршілігі мен ұйымдасу деңгейлерін, олардың ерекшеліктері мен өмір сүруін түсіндіру.

ОН 6. Биологиялық процестер мен нысандарды бақылаудың, суреттеудің, сәйкестендіру мен жіктеудің әдістерін меңгеру.

ОН 7. Білім алушыларды оқу-танымдық шығармашылыққа ынталандыра отырып олардың әрекетін басқару және оларда салауатты және қауіпсіз өмір салтының қалыптасуына ықпал ету.

ОН 8. Пәнаралық байланыстарды, химия мен биологияның ғылыми-техникалық прогреспен өзара байланысын қолдана отырып химия және биология оқу сабақтарын жүргізу.

ОН 9. Заттардың құрлысы, құрамы мен физика-химиялық қасиеттері арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау.

ОН 10. Химиялық заттар мен биологиялық нысандардың сапалық және сандық талдауының ғылыми зерттеулерінің әдістерін меңгеру.

ОН 11. Анықталмағандық жағдайларында жұмыс машықтары мен зерттемелік және кәсіпкерлік дағдыларын қолдану.

ОН 12. Формалды, формалды емес және информалды формаларда кәсіби үздіксіз білімді жоспарлай отырып кәсіби әрекетті жетілідіруде жеке қажеттіліктерді анықтау.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.