7M07243 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

7M07243 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

7М07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

7М072 Өндірістік және өңдеу салалары

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

М111 Тамақ өнімдерін өндіру

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

120 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Жоғары білім беру жүйесі және азық-түлік өнімдері технологиясы саласындағы ғылыми-зерттеу және өндірістік сала үшін 7М072 «Өндірістік және өңдеу салалары» бағыты бойынша құзыретті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.

Берілетін дәреженің аталуы

Техника ғылымдарының магистрі

Кәсіби қызмет саласы

тамақ өнеркәсібі, тамақ өнімдерді зерттеумен және жобалаумен айналысатын ҒЗИ және жобалау ұйымдары, білім беру, ғылым

Оқыту нәтижелері

ОН1 Ғылымда оның дамуының қазіргі кезеңінде туындайтын негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық мәселелерді, оның ішінде пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдайды, ғылым философиясының ережелері мен категорияларына негізделген әртүрлі фактілер мен құбылыстарды бағалайды.

ОН2 Кәсіби салада қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларын қолданады.

ОН3 ЖОО-да оқу-тәрбие процесін өз бетінше жоспарлайды, ұйымдастырады және басқарады, оқытудың заманауи технологияларын қолданады және оқытудың өзекті әдістерін таңдайды.

ОН4 Білім беру саласындағы кәсіби және жеке даму қабілеттерін көр.

ОН5 Ұйымдағы адамдарды тиімді басқарады, олардың әлеуетін дамытады және психологиялық менеджмент және адам ресурстарын басқару саласындағы білім көмегімен қолайлы жұмыс ортасын жасайды.

ОН6 Корпоративтік имиджді қалыптастыру және жетілдіру бойынша стратегияны әзірлеуге қатысады және тамақ кәсіпорны өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында имидждік көрсеткіштерді бағалайды.

ОН7 Модельдеудің объектілері мен өзекті әдістерін өз бетінше таңдайды, статистикалық талдауды жүргізеді және технологиялық процестерді оңтайландыру мақсатында модельдеу нәтижелерін түсіндіреді.

ОН8 Жоғары технологиялық жабдықтарды тиімді іріктеуді және пайдалануды дербес жүргізеді, энергия және ресурс үнемдеу қағидаттарын ескере отырып өндірілген болжамды қасиеттері бар өнімдерді қоса алғанда, тамақ өнімдерін өндіру мен сақтаудың заманауи технологияларын енгізеді.

ОН9 Үздіксіз кәсіби өсу мен білімді жаңарту қажеттілігін түсіне отырып, ғылыми зерттеу, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі талдау дағдыларын дамытады, тамақ өнеркәсібінің даму тенденцияларын дұрыс талдайды және болжайды, жаңа талаптар мен қиындықтарға тиімді бейімделу үшін өз идеялары мен көзқарастарын ұсынады.

ОН10 Қызметтердің сапасын арттыру және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында материалдық ресурстарды пайдалануды бақылауды қоса алғанда, Азық-түлік өнімдерін өндіру бойынша кәсіпорындардың өндірісін және қызметін бақылауды ұйымдастырады.

ОН11 Бақылаудың ақпараттық технологияларын қоса алғанда, тамақ шикізаты мен өндірілетін тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды және басқаруды жүзеге асырады.

ОН12 Азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындарды жобалау мен қайта құрудың заманауи тәсілдерін қолданады, ұтымды конструкторлық және технологиялық шешімдер қабылдау дағдыларын көрсетеді.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.