6B07320 Құрылыс

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В07320 - «Құрылыс»

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В07 «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары»

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В073  «Сәулет және құрылыс»

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В074 – Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс

Оқыту тілі

қазақ, орыс

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Ғимараттар мен имараттарды жобалау және тұрғызу саласында теориялық және практикалық білімі бар, дүниетанымы және ойлау мәдениеті кең мамандарды даярлау

Берілетін дәреженің аталуы

техника және технология бакалавры

Кәсіби қызмет саласы

Құрылыс, қала шаруашылығы және машина жасау, химия, тау-кен, мұнай, газ, металлургия өнеркәсібінің құрылыс нысандары.

Оқыту нәтижелері

ОН1. Академиялық жазу және академиялық адалдық мәдениеті қағидаттарын ескере отырып, құрылыс өндірісі саласында және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қарым-қатынасы.

ОН2. Дүниетанымдық және азаматтық ұстанымдарды, сондай-ақ ғылыми зерттеу әдістерін қалыптастыру үшін қоғамдық, құқықтық, әлеуметтік білімді көрсету.

ОН3. Құрылыс саласындағы кәсіби мәселелерді шешуде математикалық, экономикалық, жаратылыстану-ғылыми, кәсіпкерлік білімнің негіздерін және инженерлік ғылымның әдістерін қолдану.

ОН4. Ғимараттар мен құрылыстардың көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдерін әзірлеу және қоршау конструкцияларының жылу техникалық есептеулерін орындау кезінде заманауи техника мен ақпараттық технологияларды қолдану.

ОН5. Ғимараттар мен имараттардың жобалық элементтерін тағайындау кезінде сейсмикалық, жарылғыш және басқа әсерлерді ескере отырып, құрылыс конструкцияларды есептеуде сауатты шешімдерді қабылдау және орындау.

ОН6. Құрылыс материалдарына, конструкцияларға, құрылыс техникасы мен механизмдеріне қажеттілігін есептеуді орындау, құрылыс объектілерінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін сын тұрғысынан бағалау.

ОН7. Құрылыс материалдарының, іргетас негіздері топырақтарының физикалық-механикалық қасиеттерін анықтау, олардың сапасы мен есептік сипаттамаларын бағалау, геологиялық жағдайларын ескеріп, іргетас түрлерін таңдауда дағдылы мен сауатты шешімдер қабылдау.

ОН8. Құрылыс нысандарын, сондай-ақ ғимараттардың жеке конструкциялық элементтерін жобалау үшін заманауи мамандандырылған компьютерлік жобалау кешендерін қолдану.

ОН9. Жобалау мен салу барысында ғимараттар мен имараттардың энергетикалық тиімділігін арттыру және реттеу талаптарын ескере отырып, "жасыл құрылыстың" әлемдік үрдістерін қолдану.

ОН10. Құрылыс өндірісінің технологиясы және оны ұйымдастыру саласындағы құрылыс қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің, құрылыс нормалары мен техникалық шарттардың негізгі ережелерін кәсіби деңгейде қолдану.

ОН11. Ғимараттар мен имараттарды пайдалану кезінде, оның ішінде аспаптық бақылаулардың көмегімен, жай-күйін бақылау және бағалау жұмыстарын жүргізу.

ОН12. Құрылыс саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарын ескеріп, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша іс-шараларды әзірлеу.

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.