8D07172 Мұнай және газ өңдеу технологиясы
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
8D07172 Мұнай және газ өңдеу технологиясы |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
|
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
8D071 Инженерия және инженерлік іс
|
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
D097 Химиялық инженерия және процестер |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс, ағылшын |
БББ көлемі |
180 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
|
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
|
БББ мақсаты |
Мұнай мен газдың перспективалық химиялық технологияларын жасау, енгізу және пайдалану, теорияларын дамытуға қабілетті мұнай және мұнай химиясы технологиясы саласында бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау, қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, кәсіби тілде ғылыми, білім беру және өндірістік міндеттерді тұжырымдау және шешу |
Берілетін дәреженің аталуы |
PhD философия докторы |
Кәсіби қызмет саласы |
Мұнай, газ, көмір, қатты жанғыш қазбаларды өңдеу және органикалық заттар өндіру жөніндегі кәсіпорындар; ғылыми-зерттеу және жобалау салалық институттары; мамандық бейіні бойынша жоғары оқу орындары. |
Оқыту нәтижелері |
ОН1. Мұнай және отын дисперсті жүйелерінің құрылымы және олардың түрленуі, мұнай өңдеу процестерін интенсификациялау және отын мен жағармай материалдарының пайдалану қасиеттерін жақсарту, зерттеу және практикалық міндеттерді шешуде, оның ішінде пәнаралық салаларда жаңа идеяларды қалыптастыру туралы заманауи ғылыми түсініктерді жүйелі түсінуді көрсету. ОН2. Инновациялық технологияларға ғылыми нәтижелерді одан әрі трансформациялау үшін қазіргі заманғы әдістерді, модельдеу, процестерді болжау саласындағы білімдерді пайдалана отырып, ғылыми зерттеулер процесін жобалау және іске асыру. ОН3. Мүдделі тұтынушыларға өзіндік және ұжымдық идеялар мен жетістіктерді енгізу үшін жаңа технологиялар мен ғылыми жобаларды құқықтық қорғауды зерделеу негізінде орынды алгоритмдерді сыни тұрғыдан талдау және таңдау. ОН4. Мемлекеттік және шеттілдерінде ғылыми коммуникацияның заманауи әдістері мен технологияларын пайдалана отырып, кәсіби пікір таластарға қатысу, зерттеу нәтижелерін халықаралық рейтингтік басылымдарда жариялау. ОН5. Жаңа бағыттарды қалыптастыру және зерттеулермен әзірлемелердің нәтижелерін болжау, іргелі және қолданбалы сипаттағы маңызды ғылыми проблемалар бойынша зерттеулер жүргізуге ғылыми басшылықты жүзеге асыру, отын, май және мұнай-химия өнімдері өндірісінің кез келген сатыларына немесе кешендеріне басшылық ету және бақылау жасау. ОН6. Аяқталған зерттеулер мен әзірлемелерге ғылыми-зерттеу сараптамасын жүргізу, зерттеу нәтижелерін практикалық іске асыруға ғылыми басшылықты қамтамасыз ету және мұнай мен газды өндіру, көлік, қайта өңдеу, мұнай-газ өңдеу және мұнай-химия өнімдерін қолдану саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін қолдану аясын айқындау. ОН7. Көшбасшылық басқару және ұжымды басқару, командада жұмыс істеу, жеке кәсіби және жеке даму міндеттерін жоспарлау және шешу дағдыларын меңгеру, басқаларға қатысты шыдамдылық пен құрмет көрсету, топтық кәсіби қызмет және халықаралық ортадағы ынтымақтастық қабілеті. ОН8. Бейіндік пәндерді оқыту және ғылыми-зерттеу ұжымын басқару үшін ғылыми және ғылыми – білім беру міндеттерін шешу бойынша қазіргі заманғы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін бейімдеу және жалпылау. |