6B02161 Сәндік-қолданбалы өнер
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
6В02161- Сәндік - қолданбалы өнер |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
6B02 - Өнер және гуманитарлық ғылымдар |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
6B021 - Өнер |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
В031-Сән, дизайн |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс |
БББ көлемі |
240 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Өнер саласында теориялық және практикалық білімі бар, дизайн және заманауи стилистика саласында дағдылары бар, отандық және халықаралық деңгейде сұранысқа ие, сондай-ақ әрі қарайғы қызметте көркемдік-шығармашылық міндеттердің сындарлы шешімдерін қабылдауға қабілетті жоғары білікті көркем-шығармашылық бағыттағы бакалаврды даярлау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
Өнер бакалавры |
Кәсіби қызмет саласы |
- өнер; - мәдениет; - бизнес; - білім; |
Оқыту нәтижелері |
ОН1 Академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетін және ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін ескере отырып, кәсіби ортада және социумда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тиімді қарым-қатынас жасау. ОН2 Отандық тарихтың негізгі кезеңдері мен ерекшеліктерін, кәсіби қызметтегі қазіргі заманның гуманитарлық және әлеуметтік-экологиялық мәселелерін түсіндіруді көрсету. ОН3 Жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған кәсіби даярлықтың жоғары деңгейін, демократиялық нанымдарды, креативтілікті, коммуникабельділікті, сыни ойлауды және командада өзара іс-қимыл жасау іскерлігін дамытуға бағытталған білімнің жүйелілігін және ойлаудың жүйелілігін көрсету. ОН4 Материалдардың әр түрлі қасиеттерін және олардың түсін ескере отырып, көркемдік және композициялық экспрессивтілік құралдарын меңгеру. ОН5 Материалдардың әртүрлі қасиеттерін, масштабы мен түсін ескере отырып, көркем-композициялық мәнерлілік құралдарын меңгеру ОН6 Материалдарды көркем өңдеудің әртүрлі түрлерін, бұйымдарды жасаудың әдістері мен заманауи технологияларын меңгеру. ОН7 Өз бетінше білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу, өмір бойы салауатты өмір салты дағдыларын көрсету және командада жұмыс істей білу. ОН8 Дәстүрлі және заманауи пластикалық модельдеу техникасы мен технологиясын меңгеру. ОН9 Әлемдік мәдениеттің даму тарихы контексінде көрнекті шеберлердің сәндік өнер туындыларын орындау техникасын талдау. ОН10 Сәндік бұйымдарды жобалаудың, құрастырудың техникасы мен материалмен жұмыс істеу технологиясын және әдістерін меңгере отырып, бұйымдардың авторлық коллекцияларын жасау. ОН11 Заманауи материалдарды қолдана отырып, пішіндеу әдістері мен дизайн әдістерін меңгеру, дизайнерлік өнімді жасау кезінде дизайнерлік ойлауды, шығармашылық көзқарасты көрсету. ОН12 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және кәсіби графикалық пакеттерді пайдалана отырып, шығармашылық материалдарды және цифрлық технологияларды меңгеру. |