6B02161 Сән дизайны

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В02170 - Сән дизайны

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В02 - Өнер және гуманитарлық ғылымдар

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В021-Өнер

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В031-Сән, дизайн

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

300 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Отандық және халықаралық деңгейде талап етілетін сән, дизайн және заманауи стилистика саласында білім мен дағдыға ие көркем-шығармашылық бағыттағы жоғары білікті бакалаврды дайындау.

Берілетін дәреженің аталуы

Өнер бакалавры

Кәсіби қызмет саласы

Кәсіби қызмет саласы өнеркәсіптік және тұрмыстық мақсаттағы заттарды жобалау саласында шығармашылық және көркем жұмыстарды орындау, сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет болып табылады.

Оқыту нәтижелері

ОН1 Академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетін және ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін ескере отырып, кәсіби ортада және социумда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тиімді қарым-қатынас жасау.

ОН2 Кәсіби қызметте  қазіргі заманның гуманитарлық және әлеуметтік-экологиялық мәселелерін, Отандық тарихтың негізгі кезеңдері мен ерекшеліктеріне интерпретация жасау.

ОН3 Шығармашылықты қарым-қатынас және сыни ойлауды дамытуға бағытталған кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін, жалпы адамзаттық құндылықтарға бағдарланған демократиялық нанымдарды, философиялық ілімді, білімнің жүйелілігін және ойлаудың жүйелілігін көрсету.

ОН4 Сән дизайнының стильдік бағыттарын кезең-кезеңімен, сән дамуының тарихи-этномәдени процестерінің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктерін білу, сән әлеміндегі заманауи тенденциялар мен өзекті мәселелерді анықтау.

ОН5 Сән дизайн объектілерін құру кезінде заманауи материалдарды қолдана отырып, үшөлшемді жобалауды қалыптастыру графикалық әдістері мен кескіндемелік тәсілдерін меңгеру.

ОН6   Киім үлгісінің нобайларын әртүрлі әдістерімен және тәсілдермен жасау және пысықтау, костюм композициясын жасау кезінде киім үлгілерінің эскиздерін салу, компьютерлік графикалық редакторларының аспаптық құралдар жиынтығымен жұмыс істеу принциптерін меңгеру.

ОН7 Киімнің функционалдық мүмкіндіктерімен адамның психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкестік дәрежесін талдау, үш өлшемді дизайнерлік ойлау принциптерін меңгеру, пластикалық анатомия негіздерін меңгеру.

ОН8  Киімнің автоматтандырылған жобалау жүйесін (АЖЖ) пайдалана отырып, бұйымдардың авторлық коллекциясын жасау үшін киімді жобалау, құрастыру және өндіру технологиясын меңгеру, материалмен жұмыс істеу техникасы мен технологиясын меңгеру, өнер саласында зерттеу және инновациялық қызметті жүзеге асыру.

ОН9  Дизайн және сән саласындағы жаңа технологияларға бейімделуге мүмкіндік беретін өмір бойы оқу дағдыларын меңгеру, салауатты өмір салтын қолдау.

ОН10 Сәндік бұйымдарды жобалаудың, құрастырудың техникасы мен материалмен жұмыс істеу технологиясын және әдістерін меңгере отырып, бұйымдардың авторлық коллекцияларын жасау.

ОН11  K-3D, Blender, OpenSCAD бағдарламаларын қолдана отырып, дизайнерлік өнімді жасау кезінде дизайнерлік ойлауды, шығармашылық көзқарасты көрсететін заманауи материалдарды қолдана отырып, дизайн әдістері мен тәсілдерін  меңгеру.

ОН12  Жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс жасау, өз көзқарасын дұрыс қорғау, әрекеттерін реттеу мен әртүрлі әдістерді қолдану.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.