7M01534 Математика-Информатика

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

7М01534 Математика-Информатика

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

7М01 Педагогикалық ғылымдар

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

7М015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

М010 Математика педагогтерін даярлау

Оқыту тілі

Қазақ, орыс

БББ көлемі

120 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Білім берудің барлық деңгейлерінде педагогикалық міндеттерді шешу үшін математика және информатика бойынша оқу үдерісінде алған білімді, шеберлік пен дағдыны кәсіби қызметтерінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы пайдалана алатын педагогикалық бағыттағы бәсекеге қабілетті, құзыретті педагогика ғылымдарының магистрлерін дайындау.

Берілетіндәреженіңаталуы

«Педагогика ғылымдарының магистрі»

Кәсібиқызметсаласы

- жоғары білімберу;
- математика және информатика саласындағы зерттеулер;
- математика және информатиканы оқыту әдістемесі саласындағы зерттеулер;

-  ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы зерттеулер.

 

Оқыту нәтижелері

OН1.Жеке дүниетанымдық ұстанымын қалыптастыруда өз білімін қолданады, азаматтық ұстанымын қоғам дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтарына талдау жасау арқылы қалыптастырады,  математикалық білімін және  ақпараттық сауаттылығын білім берудің барлық деңгейлерінде,  ғылыми-зерттеу институттарында, мемлекеттік және мемлекеттік емес ғылым мен білім беру мекемелерінде қолданады.

OН2.Заманауи бағдарламалық өнімдер, техникалық құралдарды және технологияларды кәсіби салада пайдаланады, қызмет ету барысында туындайтын мәселелерді түрлі ақпарат көздеріндегі мәліметтерді іздейді, талдайды және қолданады,  кәсіби қызметін ақпараттық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жүзеге асырады, математикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады.

OН3. Жеке тұлғалық тұрғыда жетілуде өзін-өзі ұйымдастырады, өз бетінше білім алу дағдыларын қолданады, бүкіл белсенді өмірі бойында өзін-өзі жетілдіреді және дамытуға ат салысады, математика және информатиканы оқытудың негізгі әдістемелік мәселелерін талдап, гипотеза жасайды, тапсырманы қояды, мәселелерді шешеді.

OН4.Кәсіби қызметінде коммуникативтік дағдыларын ауызша-жазбаша, цифрлық формаларда қолдана алады, жеке тұлғалық, қоғамдық қатынастарда қазақ, орыс және шет тілін (ағылшын) меңгереді, ұжымда жұмыс жасауда әлеуметтік, ұлттық, діни және мәдени ерекшеліктерге төзімділік көрсетеді, қоғамдық қатынастарда әлеуметтік-этикалық құндылықтарды,  іскерлік әдеп негіздерін сақтайды.

OН5. Математика және информатикалық қолданбалы мәселелерді шешуде және кәсіби қызметте теориялық білімді қолданады, заманауи компьютерлік жүйелерді пайдалана отырып, кәсіби міндеттерді сауатты шешеді, тиімді оқыту әдістерін пайдалана отырып, ғылыми-педагогикалық қызметті табысты жүзеге асырады.

OН6.Ұйымдастырушылық қабілеттерінің болуы, қойылған мақсатқа жету үшін жедел жұмыстық топтар құрады және басқарады, қабылданған шешімге байланысты жауапкершілікті өзіне ала білуі және ұйымдастыру-басқару қызметіндегі өз көзқарасын білдіреді, басқару қызметіне өндірістік үдерістерді жоспарлайды, ұйымдастырады, үйлестіреді және басқарады.

OН7.Заманауи модельдеу әдістері мен компьютерлік технологиялар негізінде алынған нәтижелерді талдайды, педагогикалық эксперименталды зерттеулерді жоспарлайды, қойылған мәселелерге қатысты шешімдерді өңдейді, қажетті құралдарды таңдайды.

OН8.Магистрлік диссертация, мақала, есеп, аналитикалық жазба және т.б. түрінде ақпараттық ресурстармен қамтылған эксперименттік зерттеулер мен аналитикалық жұмыстың нәтижелерін қорытындылайды, қолданбалы математика, математикалық модельдеу және жүйелік программалау, математикалық экономика, математика салаларындағы білімді жетілдіруде мониторинг жүргізеді, математикалық модельдеуден және компьютерлік технологиядан ғылыми-зерттеу жүргізеді.

OН9. Магистрлік кәсіби қызметте жаңа білім алу дағдыларына ие болады, заманауи техникалар мен технологияларды, жаңалықтар мен өнер табыстарды енгізуде ғылыми және консалтингтік зерттеулерді өздігінше жүргізеді.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.