7M07322 Құрылыс

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

7М07322 - Құрылыс

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

7M07-Инженерлік, өңдеулік және құрылыс салалары

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

7M073- Сәулет және құрылыс

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

M124 – Құрылыс

Оқыту тілі

қазақ, орыс

БББ көлемі

60 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

 

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

 

БББ мақсаты

  Құрылыс және кәсіби қызмет саласында тұжырымдамалық білімі бар, оларға қол жеткізудің барабар әдістері мен құралдарын таңдай алатын, жаңа білім алу бойынша ғылыми, инновациялық қызметті жүзеге асыра алатын білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды кешенді және сапалы даярлау

Берілетін дәреженің аталуы

техника және технология магистрі

Кәсіби қызмет саласы

Құрылыс индустриясының, машина жасау, химия, тау-кен өндіру, мұнай, газ, металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары; құрылыс нысандарын зерттеумен және жобалаумен айналысатын жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу және жобалау институттары.

Оқыту нәтижелері

ОН1 Тұлғааралық қарым-қатынаста, кәсіби қызметте, ғылыми мақалаларды жазуда қазақ, орыс және шет тілдерін білуін және қолдана алатынын көрсету.

ОН2 Философия ғылымының ережелері мен категорияларына негізделе отырып, оның дамуының қазіргі кезеңінде ғылымда пайда болатын пәнаралық сипаттамаларды, негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық мәселелерді талдау, әр түрлі фактілер мен құбылыстарды бағалау.

ОН3 Ұйымда персоналдың дамуы мен тиімді пайдаланылуын бағалау, адамдардың мінез-құлқын басқарудың әлеуметтік-психологиялық технологияларын меңгеру.

ОН4 Командада жұмыс істеу қабілетін көрсету, кәсіби қызметте стандартты емес жағдайларда жедел басқару және техникалық шешімдер қабылдау кезінде шығармашылық көзқарас пен логикалық ойлау қабілетін көрсету.Нысандарды жобалау, салу, пайдалану бойынша басқарушы материалдарды, жобалау мен құрылыстың озық отандық және шетелдік тәжірибесін білу.

ОН5 Ғимараттарды, имараттарды, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды салу мен қайта жаңартудың құрылыс-монтаждық процестерін іске асыру; құрылыс материалдарын және құрылыс нысандарын салу технологиясын оңтайлы таңдауды негіздеу; тендер, тұжырымдама (эскиздік жоба), жобалық, жұмыс құжаттамасының барлық кезеңдерде жұмыстарға техникалық басшылықты жүзеге асыру.

ОН6 Құрылыс объектілерін жобалау бойынша жұмыстарды орындау үшін мәліметтер жинауды жүзеге асыру; белгіленген талаптарға сәйкес үлгілік жобалауды, технологиялық және жұмыс құжаттарын жасау; Құрылысты ұйымдастыру және басқару саласында күрделі стандартты емес жағдайларда құрылыс өндірісін ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін практикада қолдана білу.

ОН7 Құрылыс объектілерін жобалау бойынша жұмыстарды орындау үшін мәліметтер жинауды жүзеге асыру; белгіленген талаптарға сәйкес үлгілік жобалауды, технологиялық және жұмыс құжаттарын жасау; Құрылысты ұйымдастыру және басқару саласында күрделі стандартты емес жағдайларда құрылыс өндірісін ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін практикада қолдана білу.

ОН8 Құрылыс өндірісін ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін практикада қолдана білу және талдау, құрылыс объектілерін жобалау, пайдалану және басқару қызметі бойынша шешімдер қабылдау, сондай-ақ кәсіби қызметтің барлық жұмыс түрлерін жоспарлау және жүргізу.

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.