7M01522 Физика және информатика STEM оқыту негіздерімен
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
7М01522 Физика және информатика STEM оқыту негіздерімен |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
7М01Педагогикалық ғылымдар |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
7М015Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
M011Физика педагогтерін даярлау |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс, ағылшын |
БББ көлемі |
120 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Көшбасшылыққа және оқыту мен зерттеулерді біріктіру тәсіліне негізделген STEM білім беру саласындағы оқытудың заманауи қағидаларына сай жоғары білікті, бәсекеге қабілетті магистрлерді дайындау |
Берілетін дәреженің аталуы |
Педагогика ғылымдарының магистрі |
Кәсіби қызмет саласы |
- білім беру және ғылым саласы
|
Оқыту нәтижелері |
ОН1 Білім берудегі заманауи трендтерді терең түсіну негізінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін STEM технологияларын қолдану. ОН2 Білімгерлерді, оның ішінде ерекше білім беру қажет ететінбілімгерлерді оқыту, дамыту және тәрбиелеу мақсатында кәсіби қызметтерінде психологиялық-педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану ОН3Білімгерлердің өмірлік дағдыларын дамытуда STEM технологияны белсенді қолдана отырып, оқу сабақтарын кәсіби деңгейде өткізу. ОН4Ақпаратты талдау, іріктеу және қайта құру дағдыларын көрсете отырып, ғылыми және инженерлік тәжірибелерді оқыту оқу материалдары мен бағалауда біріктіру және қолдану. ОН5 Сыни ойлау негізінде мәселелерді шеше отырып, логикалық, жүйелі және дәйекті тәсілді пайдалана отырып, цифрлық технологиялар және ресурстарды қолдана отырып, өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде жобаларды нақты жоспарлау және басқару. ОН6 Зерттеу нәтижелерін практикалық педагогикалық қызметке енгізе отырып, білім беру тәжірибесін жетілдіру мақсатында жаратылыстану-педагогикалық ғылымдар саласындағы зерттеу жұмыстарын әріптестермен бірлесіп жоспарлау және жүргізу. ОН7 Кәсіби мәселелерді, оның ішінде пәнаралық байланыс саласына қатысты мәселелерді шешуде жаңа идеяларды генерациялау. ОН8 Нәтижеге жауапкершілікті сезініп, шешімдер қабылдай отырып, ғылыми, әлеуметтік педагогикалық және коммуникациялық қызмет стратегиясын сыни тұрғыдан анықтау. |