7M01560 География
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
7М01560 География |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
7М01 Педагогикалық ғылымдар |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
7М015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
М015 - География педагогтерін даярлау |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс |
БББ көлемі |
120 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметте өзін-өзі дамытуға бейім, сондай-ақ теориялық білімді жүзеге асыруға қабілетті, жалпы географиялық заңдылықтарды зерттеуде инновациялық технологияларды қолдануға қабілетті жоғары білікті магистрлерді даярлау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
Педагогика ғылымдарының магистрі |
Кәсіби қызмет саласы |
- білім - ғылым - басқару |
Оқыту нәтижелері |
ОН1. Ғылымда оның дамуының қазіргі кезеңінде туындайтын негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық мәселелерді, оның ішінде пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдау, ғылым философиясының ережелері мен категорияларына негізделген әртүрлі фактілер мен құбылыстарды бағалау; ОН2. Ақпаратты, идеяларды, қорытындыларды, мәселелерді және шешімдерді мамандық және мамандыққа қатыссыз тұлғааралық қарым-қатынаста шет тілін қолдануды жеткізу; ОН3. Ұйымдағы персоналды тиімді пайдалану, бұқаралық мінез-құлықты басқарудың әлеуметтік-психологиялық технологияларын меңгеру; ОН4. Ғылыми-зерттеу әдістемелерін, географиялық пәндер саласында оқытудың тиімді әдістемелерін қолдану, Жоғары мектеп педагогының еңбегін ғылыми ұйымдастыруды сыни тұрғыдан бағалау; ОН5. Табиғатта және қоғамда байқалатын физикалық және әлеуметтік-экономикалық процестерді сипаттау кезінде тұрақты даму контекстінде география ғылымының заманауи жетістіктерін пайдалану; ОН6. Статистикалық, экономикалық және әлеуметтік деректер мен географиялық зерттеу әдістерінің мониторингі негізінде өңірлік және жергілікті деңгейлерде табиғи, табиғи-антропогендік, экономикалық және аумақтық-өндірістік жүйелерге сараптама жүргізу; ОН7. Озық оқыту технологиялары мен цифрлық технологиялар негізінде білім беру сапасын бақылаудың нысандары мен әдістерін, бақылау-өлшеу құралдарының әртүрлі түрлерін жобалау және іске асыру; ОН8. География ғылымының әдіснамалық негіздерін меңгергендігін көрсете отырып, зерттеу және педагогикалық міндеттерді шешу. |