7M05110 Биология

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

7В05110 Биология

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

7М05-Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

7М051-Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

М080 – Биология

Оқыту тілі

Қазақ, орыс

БББ көлемі

120 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Биология ғылымының әртүрлі салаларында ғылыми-педагогикалық және өндірістік қызметті жоспарлауға және орындауға қабілетті, терең ғылыми және педагогикалық білімі бар жоғары білікті магистрлерді даярлау

Берілетін дәреженің аталуы

жаратылыстану ғылымдарының магистрі 

Кәсібиқызметсаласы

- білім;

- ғылым;

- табиғатты қорғау және табиғатты пайдалануды басқару органдары;

- кәсіпкерлік.

Оқыту нәтижелері

ОН1 Шет тілін тұлға аралық қарым-қатынаста, кәсіби қызметте, мамандар және жеке түлғалармен  кең ауқымда қарым-қатынаста қолдану.

ОН2 қазіргі кезеңде ғылымда пайда болатын пәнаралық сипаттағы негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық мәселелерді талдау, соның ішінде ғылым философиясының ережелері мен категорияларына негізделе отырып, түрлі фактілер мен құбылыстарды бағалау.

ОН3 мекемелерде қызметкерлердің дамуы мен тиімді пайдаланылуын бағалау, жаппай мінез-құлықты басқарудың әлеуметтік-психологиялық технологияларын меңгеру.

ОН4 биология саласында оқытудың тиімді әдістемелерін, ғылыми зерттеулер әдіснамасы білімін қолдану, жоғары мектеп педагогының еңбегін ғылыми ұйымдастыруды сыни тұрғыдан бағалау.

ОН 5 Қазақстанда және әлемде биологияның қазіргі даму тенденцияларын қолдану, биологиялық ғылымдарға тиімді бағыттауды ашу, биология саласындағы өзекті мәселелерге өзіндік баға беру.

ОН 6 Биология ғылымының қазіргі кезеңдегі және тарихи қалыптасу кезеңінде туындайтын негізгі әдіснамалық мәселелерді талдау;

ОН 7 Тереңдетілген ғылыми және арнайы биологиялық теориялық және әдістемелік дайындықты қолдана отырып, стандартты емес мәселелерді шешуге арналған инновациялық ұсыныстарды тұжырымдау.

ОН8Қазіргі заманауи аппараттар мен есептеу құралдарын пайдалана отырып, биологияның заманауи мәселелері бойынша өз көзқарастарын және өзекті ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу принциптерін негіздеу .

ОН 9 биологияның пәнаралық туыстық саласындағы проблемаларды талдау үшін алған білімдері мен іскерліктерін қолдану; тәжірибелік зерттеулерді өз бетінше орындау, мамандармен және кең аудиториямен талқылау кезінде зерттеу нәтижелерін негіздей білу.

ОН10 Биологиялық таным әдістерін және ғылыми биологиялық зерттеулер саласындағы іргелі кәсіби міндеттерді шешуді жоспарлау технологияларын меңгеру.

 

 

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.