6B07310 Сәулет
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
6В07310 - Сәулет |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
6В07 – Инженерлік өңдеу және құрылыс салалары |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
6В073 – Сәулет және құрылыс |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
В074 – Қала құрылысы, азаматтық құрылыс және құрылыс жұмыстары |
Оқыту тілі |
қазақ, орыс, ағылшын |
БББ көлемі |
5 жыл |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
|
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
|
БББ мақсаты |
Тұрғын, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу саласында белсенді шығармашылық, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік қызметке дайын, көшбасшылық және кәсіби қасиеттерді көрсететін жоғары білікті сәулетшілерді даярлау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
техника және технология бакалавры |
Кәсіби қызмет саласы |
жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу ұйымдары, ғылыми-өндірістік орталықтар, жарнама агенттіктері, дизайн бюросы, жобалау бюросы және әртүрлі меншік нысандары, сондай-ақ "Сәулет және қала құрылысы бөлімдері" мемлекеттік мекемелері, "сәулет және қала құрылысы"департаменттері болып табылады. |
Оқыту нәтижелері |
ОН1Сәулет-құрылыс өндірісі мен қоғам саласында қазақ, орыс және шет тілдерінде еркін сөйлесу және академиялық адалдық қағидасын түсіну. ОН2 Кәсіби қызметте қоғамдық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық білімдерін көрсету. ОН3 Ғимараттар мен құрылыстарды жобалауда, салуда және пайдалануда жаратылыстану, математикалық, экономикалық, инженерлік білімдерді қолдану. ОН4 Дизайн графикасында сурет салу, кескіндеме және мүсіннің практикалық дағдыларын қолдану, сәулеттік дизайндағы шығармашылық тәсілді көрсете отырып, сәулеттік композиция заңдылықтарын және көркем композициялық графика құралдарын қолдану, түсті шешімдерді шешу. ОН5 Сәулеттік дизайн саласындағы ғимараттардың көлемдік-кеңістіктік және функционалдық-жоспарлау схемаларын әзірлеу, соның ішінде сәулет саласындағы ең озық үлгілер мен технологиялардың элементтерін жасау. ОН6 Сәулеттік жобалау құрылымы нобайлық дизайнды, клаузураны әзірлеуде, заманауи құрылым, материалдар мен технологияларды пайдалану. ОН7 Әлемдегі сәулет, мәдениет, өнер және сәулет өнерінің тарихи даму кезеңдерін түсіну, қазіргі сәулет өнерінің негізгі даму тенденциялары мен кезеңдерін пайдалану, сәулет өнерінің ең тән белгілері мен жетістіктерін пайдалану. ОН8 Ақпараттық және есептеу сауаттылығын меңгеру, кәсіби қызметте кәсіби бағдарламаларды қолдану: 3Ds Max, AutoCAD, CorelDRAW, Potoshop, ArchiCAD. ОН9 Сәулеттік климатология негіздерін, инженерлік жүйелер мен желілерді есептеуді ескере отырып, сәулет типологиясын анықтау. Аумақты инженерлік дайындау және жоспарлау әдістері. ОН10 Инженерлік жайғастыру және сәулет-ландшафтық дизайн құралдарына иелік ете білу. ОН11 Сәулеттік ортада сәулеттік ғимараттар мен құрылыстарды қайта құру және қалпына келтіру әдістерін қолдану. ОН12 Пайдалану және реконструкциялау процесінде ғимараттар мен құрылыстардың жағдайын бақылау және бағалау үшін талдау жүргізу. ОН13 Нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, сәулет және құрылыс саласындағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік шараларын әзірлеу. ОН14 Анықталмаған жағдайында жұмыс істеу үшін зерттеушілік, кәсіпкерлік дағдыларды пайдалану. ОН15 Жеке тұлға ретінде және топ мүшесі ретінде өз көзқарасын дұрыс қорғай отырып, өз іс-әрекетін түзетіп, әртүрлі әдістерді қолдана отырып нәтижелі жұмыс жасау.
|