6B08110 Агрономия

БББ ПАСПОРТЫ

 

БББ атауы

6B08110 Агрономия

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар

 

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6B081 Агрономия

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

B077 Өсімдік шаруашылығы

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Ауыл шаруашылық саласында теориялық және кәсіби білімдерді меңгерген, агрономия саласындағы әдістер мен құралдарды игерген бакалаврларды дайындау.

Берілетін дәреженің аталуы

«Ауылшаруашылығы бакалавры»

Кәсіби қызмет саласы

 

  • республикалық, облыстық, аудандық мемлекеттік агроөндірістік кешен;
  • акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, ауылшаруашылық бағытындағы фирмалар;
  • фермерлік, жеке, ұжымдық шаруашылықтар;
  • ауылшаруашылық саласындағы ғылыми тәжірибелік-зерттеу мекемелері;
  • өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу мекемелері;
  • карантиндік қызметтер.

Оқыту нәтижелері

ОН1 Академиялық адалдық пен әдептілік принциптерін ескере отырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби ортада және қоғамда еркін қарым-қатынас жасау.

ОН2 Қазіргі агрономияда өсімдік шаруашылығының жоғары сапалы өнімдерін ұйымдастыру мен өндіру бойынша кешенді міндеттерді шешуге бағытталған агрономиялық зерттеулер мен әзірлемелерді тиімді жүргізу және пайдалану.

ОН3 Морфологиялық белгілері бойынша өңірде анағұрлым кең таралған жабайы өсімдіктер мен ауыл шаруашылық дақылдарын тану, олардың физиологиялық жағдайын, бейімдеу әлеуетін бағалау және өнімнің өсуін, дамуы мен сапасын жақсарту факторларын анықтау.

ОН4 Ауыл шаруашылық алқаптары мен егістерінің зиянкестерімен, ауруларымен және арам шөптерімен күрес бойынша  фитосанитарлық мониторинг жүргізу әдістерін қолдана білу.

ОН5 Зерттеушілік, кәсіпкерлік дағдыларын және белгісіздік жағдайында жұмыс істеу дағдыларын пайдалану.

ОН6 Ауылшаруашылық өндірісіндегі агрометеорологиялық жағдайларды бақылау нәтижелерін зерделеу және тиімді жоғары технологиялық зерттеу әдістерін таңдау, ауыл шаруашылығы өнімдері мен агротехникалық операцияларды отандық және әлемдік стандарттау және сертификаттау бойынша құжаттамаларды дайындау кезінде қолдану; дақылдардың биологиясы мен микробиологиясын, аймақтық табиғи ресурстары мен егіншілік жүйелерін ескере отырып, олардың әртүрлі түрлері мен сорттары үшін қоректік заттарға қажеттілігін анықтай отырып, суармалы және жаңбырлы режимдегі егістердің топырақ жағдайын егжей-тегжейлі зерделеу.

ОН7 Топырақтың негізгі типтері мен түрлерін тану, диқаншылықта оларды пайдалану бағытын және құнарлылықты ұдайы жаңғырту тәсілдерін негіздеу қабілетін меңгеру.

ОН8 Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, әлеуметтік - мәдени, кәсіби дамуды, ғылыми және эксперименттік зерттеулердің, әдістерін көрсету. 

ОН9 Ақпаратты талдау және қабылдау, эксперименттердің статистикалық нәтижелерін жалпылау және қорытындыларды тұжырымдау арқылы зерттеу мақсаттарын өз бетінше анықтау және оған жету жолдарын таңдау қабілеті бар ақпараттық, есептеу және цифрлық сауаттылыққа ие болу.

ОН10 Жеке және команданың мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу, өз көзқарасын дұрыс қорғау білу, өз әрекеттерін түзету және алуан түрлі әдістерді пайдалану, салуатты өмір салтын ұстану.

ОН11 Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын таңдауды, ауылшаруашылық өсімдіктерін қорғауды, минералды тыңайтқыштарды өңірдің нақты жағдайларына және ауыл шаруашылығын интенсификациялау деңгейлеріне егін өнімділігін арттыру үшін пайдалануды сапалы ұйымдастыру.

ОН12 Еңістердің құнарлығын, қиябеттілігі мен экспозициясын, грунт суларының деңгейлерін, қолданылатын тыңайтқыштар мен топырақ өңдейтін машиналарды ескере отырып, топырақ өңдеу жүйесін ауыспалы егіс дақылдарына бейімдеу.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.