6B07330 Сумен қамтамасыз ету, суды бұру және су ресурстарын қорғау
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
6В07330-«Сумен қамтамасыз ету, суды бұру және су ресурстарын қорғау» |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
6В07–«Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
6В073-«Сәулет және құрылыс» |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
В074-Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматық құрылыс |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс |
БББ көлемі |
240 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Сумен қамтамасыз ету және суды алып кету саласындағы кәсіби міндеттерді шешуге, су шаруашылығы құрылыс объектілерінде жаңа технологияларды жобалауға қабілетті жоғары білікті мамандарды дайындау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
«Техника және технология бакалавры» |
Кәсіби қызмет саласы |
Су шаруашылығының құрылысы, елді-мекендер мен өндірістік объектілерді сумен қамтамасыз ету және суды алып кету саласындағы жобалау-іздену және өндірістік ұйымдар болып табылады |
Оқыту нәтижелері |
ОH1.Академиялық жазу және академиялық адалдық мәдениеті қағидаттарын ескере отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау. ОH2.Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсету. ОH3.Ақпараттық және есептеу сауаттылығына, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау қабілетіне ие болу ОH4.Гидрогеологиялық, гидрометриялық, геодезиялық ізденістер жүргізу; ізденістердің нәтижелерін өңдеу және пайдалану; ОH5.Қалалық және елді-мекендердегі сарқынды сулар мен бұрғылау ұңғымаларын тазарту бойынша ғимараттар мен құрылыстардың, технологиялық және қосалқы жабдықтардың техникалық жай-күйін диагностикалау; ОH6.Нормативтік-құқықтық құжаттамаларды ескере отырып, су шаруашылығы және гидроэнергетикалық обьектілерді, кешенді гидротораптарды пайдалану және күтіп ұстау. ОH7.Заманауи технологиялар мен жобалау құралдарын пайдалана отырып, сумен жабдықтау, су бұру және суды тазарту жүйелерінің құрылыстары бойынша жобалау құжаттамасын әзірлеу; ОH8.Су шаруашылығы объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және суды пайдалану жөніндегі жұмыстардың нәтижелерін талдау. ОH9.Жобалау, зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу; гидротехникалық құрылыстар мен сумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау бойынша ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламаларды жоспарлау ОH10.Құрылыс және жөндеу жұмыстарын басқару, сондай-ақ сумен жабдықтау, су бұру және суды тазарту объектілерінде олардың орындалу сапасын бақылау. ОH11.Жүргізілетін зерттеулер және(немесе) әзірлемелер тақырыбы бойынша ақпараттық ресурстарды, ғылыми, тәжірибелік эксперименттік және аспаптық базаларды пайдалану. ОH12.Жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу, өзін-өзі тәрбиелеу және салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын көрсету. |