6B07271 Фармацевтикалық және парфюмерлік-косметикалық құралдар технологиясы
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
6В07271 – Фармацевтикалық және парфюмерлік-косметикалық құралдар технологиясы |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
6В07 - Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
6В072 - Өндірістік және өңдеу салалары |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
В072 - Фармацевтикалық өндіріс технологиясы |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс |
БББ көлемі |
240 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Бакалаврларды өндірістік мәселелерді шешуге, фармацевтикалық және парфюмерлік-косметикалық құралдар технологиясы саласында жобалық және зерттеу қызметін жүргізуге қабілетті кәсіби қызметке іргелі дайындау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
«техника және технология бакалавры» |
Кәсіби қызмет саласы |
Фармацевтика өнеркәсібі, парфюмерия-косметика, химия, биотехнология, тамақ өнеркәсібі, инженер-технолог, ғылым. |
Оқыту нәтижелері |
ОН1 Мәдениетті және академиялық адалдық принциптерін түсініп, халықаралық ортада жұмыс істеуге мүмкіндік беретін деңгейде тілдерді меңгеру. ОН2 Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсету ОН3 Ақпараттық және есептеу сауаттылығына, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау қабілетіне ие болу ОН4 Кәсіби қызметте жаратылыстану, математикалық, инженерлік білімді, нормативтік құжаттарды, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін қолдану ОН5 Аналитикалық жабдықтың аспаптарын пайдалана отырып шикізат пен дайын өнімді техникалық талдау және зертханалық бақылау әдістерін меңгеру ОН6 Қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғау нормаларын және стандарттар мен техникалық шарттардың талаптарын сақтай отырып, технологиялық регламентке сәйкес фармацевтикалық, парфюмерлік-косметикалық және жуғыш заттарды алу үшін табиғи және синтетикалық шикізатты қайта өңдеудің технологиялық процестерін басқару әдістерін меңгеру. ОН7 Экономикалық және экологиялық факторларды ескере отырып, ғылыми және техникалық ақпаратты талдау негізінде фармацевтикалық, парфюмерлік-косметикалық және жуу құралдарын өндірудің ұтымды технологиясын таңдау және негіздеу. ОН8 Фармацевтикалық, парфюмерлік-косметикалық және жуу құралдарын өндеудің технологиялық схемасының негізгі және қосалқы аппараттарын есептеу, материалдық және жылу баланстарын құрастыру, аппаратуралық және технологиялық рәсімдеу дағдыларын меңгергеру. ОН9 Беттік белсенді зат қолданылатын әртүрлі фазааралық шекаралардағы коллоидты-химиялық процестерді терең түсіну негізінде композициялар құрамын әзірлеу үшін ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу, деректерді математикалық өңдеу әдістерін қолдана отырып, теориялық және эксперименттік деректерге салыстырмалы талдау жүргізу. ОН10 Өзін-өзі тәрбиелеу, өзіне-өзі білім беру, өмір бойы салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын көрсете отырып, жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу |