7M07190 Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

7M07190 – Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

7M07  Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

7M071  Инженерия және инженерлік іс

 

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

M097 Химиялық инженерия және процестер

Оқыту тілі

қазақша, орыс

БББ көлемі

120 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Силикаттар технологиялары саласындағы ғылыми-зерттеу және педагогикалық міндеттерді қоюға және шешуге қабілетті мақсатты кәсіби дайындыққа ие ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау

Берілетін дәреженің атауы

«техника ғылымдарының магистрі»

Кәсібиқызмет саласы

-     ұйымдастыру - басқарушылық;

-     -өндірістік-технологиялық;

-     -есептік-жобалық;

-       ғылыми-зерттеу;

-     -сервистік-пайдалану;

-     -педагогикалық

Оқыту нәтижелері

ОН1 Инновациялық білім беру технологияларын, ғылыми таным әдіснамасының теориялық негіздерін және педагогикалық ғылымды кәсіби қызметте, оның ішінде ағылшын тілін қолдана отырып, оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу

ОН2 Силикатты материалдар өндіруде минералдық-шикізатты қамтамасыз ету туралы теориялық мәліметтерді жинақтай отырып, силикаттар өндіру технологиясында шикізат материалдарын ұтымды пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлей отырып, тұтастырғыш, керамикалық және шыны материалдарды өндіру үшін шикізатты таңдауды негіздеу

ОН3 Материалдардың сапасының нормативтік құжаттама талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында талдаудың физика-химиялық әдістерін негізді таңдап, қолдана отырып, шикізатты, жартылай фабрикаттарды және дайын өнімді кешенді зерттеуді орындау

ОН4 Патенттік зерттеулерді жүзеге асыра отырып, инновациялық әдістерді, силикатты материалдар технологиясының физика-химиялық негіздерін қолдана отырып, силикатты материалдардың жаңа түрлерін жобалау және әзірлеу

ОН5 Синтездеу процестерін басқара отырып, реттелетін құрылымы бар, алдын ала белгіленген қасиеттері бар минералды тұтастырғыш, керамика, шыны, ситалдар, шыны тәрізді жабындар, жылу және дыбыс өткізбейтін силикатты материалдарды синтездеу

ОН6 Силикатты бұйымдардың өндірісін сынау, зерттеу және технологиялық бақылау әдістемелерін әзірлей отырып, ҒЗЖ ұйымдастыру және орындау

ОН7 Эксперименттік-зерттеу және аналитикалық жұмыстың нәтижелерін талдау және қорытындылау, мақала, есеп, сараптамалық қорытынды түрінде әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, түсініктерді қалыптастыру үшін ақпаратты жинау және түсіндіруді жүзеге асыру арқылы көпшілік алдында өз зерттеулерін қорғау

ОН8 Жүйелі-талдамалық ойлау мен шығармашылық тәсілді көрсете отырып, жаңа проблемалар мен өндірістік жағдайларды шешу, кәсіби салада жеке және ұжымда, оның ішінде халықаралық ортада тиімді жұмыс істеу; күнделікті кәсіби қызмет пен докторантурада білім алуды жалғастыру үшін қажетті білімді дербес кеңейту және тереңдету


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.