6B06120 Ақпараттық жүйелер

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В06120–«Ақпараттық жүйелер»

Білім беру саласының коды және жіктелуі

6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Дайындық бағыттарының коды мен жіктелуі

6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Білім беру бағдарламаларының тобы

В057 Ақпараттық технологиялар

Оқыту тілі

қазақша, орысша, ағылшынша

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

Білім беру бағдарламасының мақсаты

IT-технологиялар саласында озық білімді меңгерген, экономиканың түрлі салаларын цифрландыру бойынша кәсіби қызметке дайын, сыни ойлауға ие жоғары білікті, көптілді мамандарды даярлау.

Берілетін дәреженің аталуы

«ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры»

Кәсіби қызмет саласы

- Экономикалық қызметтің түрлі салаларында автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдаланатын мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар.

-Ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді зерттеу, жобалау, әзірлеу, тестілеу, енгізу және сүйемелдеу

Оқыту нәтижелері

ОН1Академиялық жазу және академиялық адалдық мәдениеті қағидаттарын ескере отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау.

ОН2Кәсіби қызметте жаратылыстану-ғылыми, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және инженерлік білімдерді, деректерді математикалық өңдеу әдістерін, теориялық және эксперименттік зерттеулерді, нормативтік құжаттар мен экономикалық талдау элементтерін қолдану.

ОН3 Стандарттарға сәйкес акт-жобаларын қамтамасыз етудің барлық түрлерін әзірлеу, тестілеу, енгізу және сүйемелдеу

ОН4Блокчейннің негізгі технологиялары мен тұжырымдамаларын іс жүзінде қолдану, таратылған тізілім технологиялары.

ОН5 Орталарда бағдарламалау: С# -Web-сервистерді әзірлеу үшін, Python – Django фреймворкі үшін, WWW-қосымшаларды әзірлеуге - Java, JavaScript, мобильді қосымшаларды әзірлеу үшін - iOS, Android.

ОН6 АЖ-да ақпаратты қорғаудың негізгі принциптерін сипаттау, әртүрлі құрылғыларда ақпараттық процестерді жобалау және іске асыру кезінде ақпаратты техникалық қорғауды қалай жүзеге асыруды ұсыну.

ОН7 ДҚ жұмыс істеуін және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен ұштастыра отырып, графикалық және операциялық жүйелерді орнатуды және сүйемелдеуді жүзеге асыру.

ОН8 Дизайнды әзірлеуді жүзеге асыру, web-ресурстарды құру және өзгерту, web-ресурстарды басқа компьютерлік қосымшалармен интеграциялауды орындау, web-ресурстарды басқару және жаңарту.

ОН9Автоматты және автоматтандырылған басқару мәселелерін шешуде басқару шешімдерін қабылдау мен оңтайландырудың математикалық аппаратын қолдану.

OН10Ұйымның IT-инфрақұрылымының жұмыс істеуін; ОЖ, ЖОЖ және ДҚБЖ штаттық жұмысы мен қауіпсіздігін сипаттау.

ОН11Кәсіпорынның бухгалтерлік және басқарушылық есебін автоматтандыру үшін "1С: Кәсіпорын" бағдарламалық өнімінің практикалық қолданылуы мен конфигурациясын көрсету.

OН12BigData және DataMining технологияларын қолдана отырып, үлкен деректерді жинауды, талдауды және өңдеуді жүзеге асыру.

OН13 Жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс істей білу, өзін-өзі қорғау және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын көрсету және салауатты өмір салтын ұстану.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.