7M07173 Мұнайхимия

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

7М07173 – Мұнайхимия

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

7М07  Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

7М071  Инженерия және инженерлік іс

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

М097  Химиялық инженерия және процесстер

Оқыту тілі

Қазақ, орыс

БББ көлемі

120 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

 -

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

 -

БББ мақсаты

Табиғат пен табиғи ресурстардың жай-күйін талдай алатын, экологиялық сараптаманың тиімді әдістерін меңгерген, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында сұранысқа ие мамандарды даярлау.

Берілетін дәреженің аталуы

техника ғылымдарының магистрі

Кәсіби қызмет саласы

Кәсіптік қызмет саласы - органикалық заттар өндіретін, мұнай, газ және полимерлерді, эластомерлерді, лак-бояу материалдарын өңдейтін кәсіпорындар, ғылыми-зерттеу және жобалық салалық институттар, оқу орындары және т.б. болып табылады.       

Оқыту нәтижелері

ОН1 Шет тілін білуді қолдана отырып, ақпараттық ресурстарды тарта отырып, ғылыми-техникалық ақпаратты талдау және жалпылау; ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін жалпылау.

ОН2 Тарих және ғылым философиясы саласындағы білімді пайдалана отырып, тұтас жүйелік ғылыми көзқарасқа негізделген жан-жақты және пәнаралық зерттеулерді жобалау және жүзеге асыру.

ОН3 Зерттеу және педагогикалық міндеттерді іске асыру үшін жеке шығармашылық қабілеттерін пайдалана отырып, ғылыми және педагогикалық қызметті жоспарлау және орындау

ОН4 Стандартты емес өндірістік жағдайларда шығармашылық және логикалық ойлауды көрсете отырып, басқару психологиясының принциптері мен әдістерін қолдана отырып, ғылыми және өндірістік бөлімшелерді басқаруды жүзеге асыру.

ОН5 Тіршілік қауіпсіздігі мен экологиялық тазалықты сақтай отырып, көмірсутек шикізатын қайта өңдеудің, органикалық заттар өндірісінің технологиялық процестерін жүзеге асыруды, бақылауды және түзетуді қамтамасыз ету, өндірістердің оңтайлы технологиялық режимін негіздеу.

ОН6 Экологиялық сапа стандарттарына сәйкес өнім шығаруға арналған қолданыстағы технологиялық процестер мен жабдықтарды әзірлеуге және жаңғыртуға қатысу.

ОН7 Алынған өнімді коммерцияландырумен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру үшін тиімді алгоритмдерді өз бетінше таңдау.

ОН8 Әр түрлі күрделілік деңгейлеріндегі технологиялық жүйелерде жүретін процестерді математикалық модельдеу, есептеу және оңтайландыру әдістерін қолдана отырып, химия-технологиялық процестерді автоматтандырудың функционалды схемаларын жасау.

ОН9 Көмірсутек шикізатын қайта өңдеудің, техникалық көміртекті, беттік белсенді заттар мен синтетикалық жуғыш заттарды өндірудің ресурс үнемдейтін технологияларын әзірлеу, шикізат пен дайын өнімнің сапасын бақылауды жүзеге асыру.

ОН10 Кәсіби міндет жағдайында берілген қасиеттері бар лак-бояу және полимерлі композициялық материалдарды, парфюмерлік-косметикалық құралдарды алудың оңтайлы тәсілдерін ұсыну.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.