7M05320 Химия

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

7М0520- Химия

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

7М05  - Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

7М053 –Физикалық және химиялық ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

М089-Химия

Оқыту тілі

Қазақ, орыс

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

 -

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

 -

БББ мақсаты

Ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметте қолданбалы және инновациялық міндеттерді шешуге қабілетті химия саласында жоғары білікті магистрлерді даярлау

Берілетін дәреженің аталуы

жаратылыстану ғылымдарының магистрі 

Кәсіби қызмет саласы

·      Білім беру, химия өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік басқару органдары;

·      химиялық, экологиялық, фармацевтикалық, металлургиялық, мұнай-химия, газ және көмір бейіндегі зерттеу институттары мен орталық-зауыт зертханалары;

·      бақылау-талдау қызметінің мекемелері;

·      табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау органдары.

Оқыту нәтижелері

ОН1-іргелі және қолданбалы химияның тиісті мамандандырылған саласындағы ғылыми теориялар мен тұжырымдамаларды түсіндіру;

ОН2-химия саласындағы ғылым мен практиканың соңғы жетістіктерін зерттеуші химиктің, оқытушы химиктің кәсіби міндеттерді шешу үшін, оның ішінде неғұрлым кең пәнаралық контексте практикалық қызметіне біріктіру;

ОН3-өз зерттеулері шеңберінде ғылыми гипотезаларды тұжырымдау үшін ғылыми ақпаратты талдауды жүзеге асыру;

ОН4-ғылыми экспериментті орындау, нәтижелерді өңдеу және жалпылау үшін математикалық модельдеу мен есептеудің әдістерін, әдістерін, компьютерлік бағдарламалары мен қосымшаларын негізделген таңдау;

ОН5-химия саласындағы заманауи тұжырымдамалар мен теориялар шеңберінде олардың сенімділігі мен құндылығын негіздеу үшін алынған деректерді (процесті бақылау, зерттеудің ғылыми нәтижелері) талдау және түсіндіру;

ОН6 - шет тілін білуді қолдана отырып, ақпараттық ресурстарды тарта отырып, аналитикалық жұмыс жүргізу; зерттеу нәтижелерін ғылыми мақалаларда, есептерде қорытындылау.

ОН7 - ғылым философиясының ережелеріне сүйене отырып, дүниетанымдық және әдіснамалық мәселелерді, оның ішінде пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдау; кәсіби қызметте ғылыми зерттеулердің әдіснамасы туралы білімді қолдану;

ОН8-химиялық процесті оның механизмін, оны реттеу жолдарын белгілеу, берілген сипаттамалары бар өнімді алу немесе оның шығуын арттыру, оны жүргізу мен бақылаудың оңтайлы шарттарын анықтау мақсатында сапалы және сандық модельдеуді жүзеге асыру;

ОН9-химия саласындағы заманауи жетістіктер мен жоғары мектеп педагогикасының талаптары контекстінде химиялық пәндерді оқыту үшін оқу курсының бағдарламасын әзірлеу


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.