6B07088(2) Металдар мен композициялық материалдар өндірісіндегі цифрлық технологиялар
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
6В07088(2) - «Металдар мен композициялық материалдар өндірісіндегі цифрлық технологиялар» |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
6В07 – Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
В061 – Материалтану және технологиялар |
Оқыту тілі |
қазақ, орыс |
БББ көлемі |
240 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Металлургия және композициялық материалдар саласында нарық талаптарына сәйкес келетін, кәсіпорындарда технологиялық, есептік- жобалық, зерттеу, басқарушылық және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін теориялық білімді, практикалық дағдыларды және үрдістерді цифрландыру технологияларын меңгерген мамандарды даярлау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
«техника және технологиялар бакалавры» |
Кәсіби қызмет саласы |
Түсті және қара металлургия, композициялық материалдар, ғылым. |
Оқыту нәтижелері |
ОН1 Академиялық жазу принциптерін және академиялық адалдық пен әдептілік мәдениетін ескере отырып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде кәсіби ортада және қоғамда еркін қарым-қатынас жасау. ОН2 Жаратылыстану, математикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және инженерлік білімдерін; математикалық мәліметтерді өңдеу әдістері, металдар мен композиттік материалдар өндірісіндегі теориялық және эксперименттік зерттеулер және экономикалық талдау элементтерін көрсету. ОН3 Шикізатты, энергияны және ресурстардың басқа түрлерін ұтымды пайдалана отырып, металлургиялық процестердің негізгі физикалық-химиялық заңдылықтарын қолдана отырып, металл және композициялық материалдарды алу. ОН4 Заманауи зерттеу әдістері мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, металдар мен композициялық материалдарды алу технологиясы саласында ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру, алынған нәтижелерді түсіндіру және қорытындыларды тұжырымдау. ОН5 Өндірістегі технологиялық операциялардың реттілігін, параметрлерін, режимдерін сақтай отырып, оларды пайдалану дағдыларын қауіпсіздік ережелерін сақтап, көрсете отырып, цифрлық технологияларды пайдаланып, металлургиялық қайта өңдеу үрдістерін басқару. ОН6 Технологиялық процестерді жүйелік талдау негізінде металдар мен композициялық материалдарды алудың технологиялық процестерінің материалдық және жылу баланстарын құрастыру. OH7 Металдарды, композиттік материалдарды алудың перспективті әдістерін таңдай отырып, кешенді, энергияны үнемдейтін, экологиялық таза, қауіпсіз технологияларды әзірлеу. OH8 Технологиялық, жылу-энергетикалық жабдықтың конструктивтік ерекшеліктерін және құрылыстың көлемдік-жоспарлау шешімдерін құру принциптерін ескере отырып, металлургиялық өндірістерді жобалау. OH9 Жедел ақпаратты үйлестіру негізінде жылу автоматикасының цифрлық басқару және бақылау жүйелерін пайдалана отырып, технологиялық үрдістердің тиімділігін арттыру. OH10 Цифрлық технология әдістерін және мамандандырылған компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып, инженерлік, конструкторлық есептеулерді орындайтын, композициялық материалдарды өндіруге арналған технологиялық режимдерді, параметрлерді, жабдықтарды таңдау. OH11 Өзіндік идеялық, азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын көрсете отырып, өз көзқарасын дұрыс қорғай отырып, өмір бойы практикалық ойлау, физикалық тұрғыдан өзін-өзі жетілдіру және біліктілігін арттыру қабілетін көрсете отырып, жеке және ұжым мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу. |