Рае Квон Чунг атындағы жаңа климаттық экономикасы және тұрақты даму орталығы
Рае Квон Чунг атындағы Жаңа климаттық экономикасы және тұрақты даму орталығы
Орталық туралы
Рае Квон Чунг атындағы Жаңа климаттық экономикасы және тұрақты даму орталығы тұрақты өсу, жасыл технологиялар және климаттық өзгерістердің қоршаған ортаға әсерін азайту қағидаттарында экономикалық дамудың жаңа моделін енгізу жөніндегі Орталық Азия мен ТМД-дағы алғашқы институт.
Аталған орталықты ашу туралы шешім 2022 жылы 31 қазан айында " М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің" КЕАҚ Басқарма Төрағасы ректоры Қожамжарова Дария Пернешовна және және Нобель сыйлығының лауреаты, БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі мәселелердің бас хатшысының кеңесшісі Рае Квон Чунг арасындағы қол қойылған меморандум III Нобель фестивалінің шеңберінде жүзеге асырылды.
Тұрақты өмір салты туралы түсінік қалыптастыру үшін "жасыл ынталандыруды" енгізу барысында университеттер ғылыми жобаларды әзірлеу үстінде.Бұл тақырыптың өзектілігі университеттер ертеңгі көшбасшыларды қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Қазіргі уақытта университеттің студенттері мен қызметкерлері тұрақты болуға және тұрақты өмір салтын кампуста және одан тыс жерлерде насихаттауға қызығушылық білдірді. "Рае Квон Чунг атындағы Жаңа климаттық экономикасы және тұрақты даму орталығы" тұрақты өмір салты және онымен байланысты білім, тамақтану, ұтқырлық, тұрғын үй және демалыс салалары (тұтыну тауарлары мен туризмді қоса алғанда) үшін қосымша білім мен мүмкіндіктерді дамытуға және де сұраныстың артуымен бірге жұмыс жасайды. |