М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттерінің жатақханадағы тұрмыстық жағдайына қанағаттануы





(2021-2022 оқу жылы үшін)
Ағымдағы жылдың 01.11-05.11қараша айының аралығында университетіміздің «Әлеуметтік зерттеулер бөлімі» «ОҚУ-нің студенттерінің жатақханадағы тұрмыстық жағдайына қанағаттануы» атты сауалнама өткізді.
Зерттеудің мақсаты:
Студенттердің жатақханадағы әлеуметтік ахуал мен тұрмыс жағдайына көзқарасы, оны бағалауы, жатақханадағы жауапты қызметкерлермен қарым-қатынасы, жатақханадағы әлеуметтік-психологиялық жағдай, студенттердің бос уақыттын тиімді өткізуін сараптау,өйткені бұл жоғары оқу орнындағы оқытудың сапасына тікелей әсер етеді.
Зерттеудің міндеттері:
- Жатақханадағы студенттердің тұрмыс жағдайына қанағаттануын бағалау;
- Студенттердің сабақтан тыс уақыттағы және жатақханадағы тәрбие жұмысының орындалуын сараптау;
- Жатақханада кездесетін ең негізгі мәселелерді анықтау;
- студенттердің өмір сүру деңгейін және олардың оқу қызметі үшін әлеуметтік көңіл-күй жағдайларын бағалау.
Зерттеу жүргізу аймағы: ОҚУ-нің №1, 2, 4, 5 жатақханалары.
Сауалнаманы өткізудің әдісі: жатақханаларда тұратын студенттерге сауалнама жүргізу. Анкеталық сұрақ-жауап.