Комплаенс-қызметін жаңалықтары және дәрістері
АШЫҚТЫҚ және СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ
10.02.2022 жылы «Astana Civil Service Hub » ұйымдастыруымен «Ашықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында онлайн семинар өтті. Іс-шараға М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры С.Мажинбеков және «Parasat» - сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі басшысының м.а. Г.Дулатова қатысты. Семинар барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы М.Ахметжанов, «Astana Civil Service Hub » басқару комитетінің төрағасы А.Байменов, ЭЫДҰ өкілдері отандық және шетелдік тәжірибедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастырудың тиімді жолдарын ұсынды.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз